"Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 438 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 3007 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 30.06.2016 № 223 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Көксу ауданың әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мәлік Аманбайұлы Бейсеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарының мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ.Тоқпейісов

  Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "26" желтоқсандағы"Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 438 қаулысына қосымша

"Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"мемлекеттік мекемесіКөксу ауданының ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.

      3. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:индекс 041200, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпықби ауылы, Мырзабеков көшесі, № 38.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілері мен "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,негізгі міндеттері,функциялары,құқықтары мен міндеттері

      14. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      ауданның агроөнеркәсiптiк кешенiн және ауылдық аумақтарда ауыл шаруашылықты дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құру, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдау, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту жәнетехникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

      2) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

      3) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

      4) ауданда азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органдарына (әкiмдiгіне) есептілік ұсыну;

      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;

      6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден, асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;

      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;

      8) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу;

      9) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәселелері бойынша қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;

      2) міндеттерді жүзеге асыруға байланысты шешімін табу облыстық және республикалық деңгейде қамтамасыз етілетін ұсыныстарды жоғары тұрған органдардың қарауына енгізуге;

      3) заңнамаға сәйкес "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"мемлекеттік мекемесініңқызметін ұйымдастыру

      18. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Көксу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      21. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілетігі:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;

      2) "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіліктерді бөлуді жүзеге асырады;

      3) "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза салу шараларын қолданады;

      4) "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшінбұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      5) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдардажәне басқа ұйымдар алдында "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      6) "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қолданады,сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды қабылдауға дербес жауапкершілікте болады;

      7) заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін де заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,сондай-ақ өз қызметті нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінқайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар, аумақтық органдар мен мемлекеттік мекемелер жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады