РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 8 – бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" № 704 Жарлығына сәйкес Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Райымбек аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 24-128 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 20 наурызда № 2633 тіркелген, аудандық "Хантәңірі" газетінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 14 санына жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыстық тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Саретбаев Ғабит Болатұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Р. Абдрахманов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Е. Құдабаев |