Сарқан ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 47-233 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 05 қаңтарда № 2992 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы № 12-52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 04.10.2023 № 12-52 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының
      кезекті 47 сессиясының төрағасы Т. Догоманов
      Сарқан аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ.Абдрахманов

  Сарқан аудандық мәслихатының 2014 жылғы "19" желтоқсандағы "Сарқан ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" № 47-233 шешімімен бекітілген қосымша

Сарқан ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі

Жалпы ережелер

      Осы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес әзірленді және Сарқан ауданында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Сарқан ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық маңызы бар қаланың және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады