Ұйғыр аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Ұйғыр аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 28-3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 мамырдағы № 33-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 22 мамырда № 2731 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Ұйғыр аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 28-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда № 2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурыздағы "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінің № 13 (65) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      33 – тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Арзигуль Гопурқызы Манаповаға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Атагелдиев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Н. Есжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады