Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 № 915 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13)тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6058 болып тіркелген, "Заң" газетінде 2010 жылғы 26 наурызда № 42 (1664) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
""Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 13)тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
_____________ Қ. Келімбетов
2014 жылғы "_____"________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 393 бұйрығына |
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген |
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесі
1. Андорра Князьдігі.
2. Антигуа және Барбуда мемлекеті.
3. Багам аралдары достастығы.
4. Барбадос мемлекеті.
5. Белиз мемлекеті.
6. Бруней Даруссалам мемлекеті.
7. Вануату Республикасы.
8. Гватемала Республикасы.
9. Гренада мемлекеті.
10. Джибути Республикасы.
11. Доминикан Республикасы.
12. Индонезия Республикасы.
13. Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана).
14. Кипр Республикасы.
15. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандардың аумағы бөлігінде ғана).
16. Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы.
17. Коста-Рика Республикасы.
18. Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана).
19. Либерия Республикасы.
20. Лихтенштейн Князьдігі.
21. Маврикий Республикасы.
22. Португалия (Мадейра аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
23. Мальдив Республикасы.
24. Мальта Республикасы.
25. Маршалл аралдары Республикасы.
26. Монако Князьдігі.
27. Мьянма Одағы.
28. Науру Республикасы.
29. Нидерланд (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының аумағы бөлігінде ғана).
30. Нигерия Федеративтік Республикасы.
31. Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана).
32. Палау Республикасы.
33. Панама Республикасы.
34. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
35. Сейшель аралдары Республикасы.
36. Сент-Винсент және Гренадины мемлекеті.
37. Сент-Китс және Невис Федерациясы.
38. Сент-Люсия мемлекеті.
39. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (келесі аумақтары бөлігінде ғана):
1) Ангилья Аралдары;
2) Бермуд аралдары;
3) Британдық Виргин аралдары;
4) Гибралтар;
5) Кайман аралдары;
6) Монтсеррат аралы;
7) Теркс және Кайкос аралдары;
8) Мэн аралы;
9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
10) Оңтүстік Георгия аралы;
11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;
12) Чагос аралы.
40. Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико достастығы, Вайоминг штаты, Делавэр штаты аумақтары бөлігінде ғана).
41. Тонга Корольдігі.
42. Филиппин Республикасы.
43. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.
44. Бахрейн Корольдігі.
45. Гайана Кооперативтік Республикасы.
46. Доминика Достастығы.
47. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана).
48. Колумбия Республикасы.
49. Ливан Республикасы.
50. Люксембург Ұлы Герцогтігі.
51. Мавритания Ислам Республикасы.
52. Мариан аралдары.
53. Марокко корольдігі (Танжер қаласының аумағы бөлігінде ғана).
54. Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана).
55. Сан-Марино Республикасы.
56. Суринам Республикасы.
57. Біріккен Танзания Республикасы.
58. Тринидад және Тобаго Республикасы.
59. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.
60. Француз Республикасы (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
1) Кергелен аралдары;
2) Француздық Полинезия;
3) Француздық Гвиана.
61. Черногория Республикасы.
62. Ямайка.