"Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 қарашада № 9907 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 № 30 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
      01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
      120 «Жұмыс берушiлердiң жарналары» кiшi сыныбында:
      123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, айырбастау және әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектлерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі шоттарына кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
      140 «Қорлар сатып алу» кіші сыныбында;
      156 «Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      мынадай ерекшеліктер бойынша:
      144 «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу»:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, айырбастау және әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектлерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі шоттарына кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көлік авиациясының ұшуларын жүзеге асыру кезінде ЖЖМ құнын, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелдерге қызметтік іссапарларын төлеумен байланысты шығыстарды корпоративтік толем карточкасын пайдалана отырып төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақтарын жоюды, ветеринарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларымен ауырған малдарды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне құю үшін ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде, сондай-ақ малдардың аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатында корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ЖЖМ сатып алу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу растау құжаттарын қоса берусіз төлеуге берілген шот негізінде жүзеге асырылады.»;
      149 «Өзге де қорларды сатып алу»:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: айырбастау және әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектлерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі шоттарына кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу растау құжаттарын қоса берусіз төлеуге берілген шот негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік саясатты іске асыратын және техникалық реттеу мен метрология саласында бақылау-қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің оларды іске асыру саласында олардың сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған тауарлар үлгілерін сатып алумен және сынақтан өткізумен байланысты шығыстарын корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, төлеу кезінде шартты тіркеу талап етілмейді.»;
      150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
      151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектлерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша айырбастау және кейіннен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.»;
      152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектлерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.»;
      154 «Үй-жайды жалға алу төлемдері» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектлерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
      159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарты бойынша шығыстарды төлеу кезiнде; банк қызметтерiн төлеу кезiнде; Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектлерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шоттарына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» бюджеттік бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын «Білім және ғылым саласындағы әдіснамалықты қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша ақша қаражатын аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi әкiмшiсi болып табылатын «Ақпараттық имидждік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектiлерiн сатып алу және салу», «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Іссапар шығыстары», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде, «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарын реттеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
      Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, қызметтік іссапарда болған кезде алыс және таяу шетелде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көліктің авиацияның әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді».
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады