Банкроттық рәсімін және оңалту рәсімін жүргізуде тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 487 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 93 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 желтоқсанда № 9983 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 399 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 283 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2017 № 399 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.07.2017 № 283 бірлескен бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабы 1-тармағы мен "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 15-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес оңалту рәсімдерін жүргізуде уақытша әкімшінің қызметін;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес оңалту рәсімдерін жүргізуде оңалтуды басқарушысының қызметін;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес банкроттық рәсімдерін жүргізуде уақытша басқарушы қызметін;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес банкроттық рәсімдерін жүргізуде банкроттықты басқарушы қызметін тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны интернет-ресурсында орналастыруды және бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі


_________________ Б. Сұлтанов


Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі


______________ Е. Досаев



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 10 қарашадағы № 487 және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы № 93
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
нысан

Оңалту рәсімдерін жүргізуде уақытша әкімшінің қызметін
тексеру парағының нысаны

      Тексеруді тағайындаған, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган_______________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________

      _____________________________________________________________________

       (№, күні)

      _____________________________________________________________________

       (тексеруді тағайындау мәні)

      Уақытша әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________

      Мекенжайы, орналасқан орны __________________________________________


р/с

Талаптардың тізбесі

Ия

Жоқ

1

Оңалту рәсімдерінің жүзеге асу барысы туралы уәкілетті орган сұрау салған және ағымдағы ақпаратты уәкілетті органға жіберуі



2

Оңалту рәсімдерін қолдану туралы хабарламаны және кредиторлардың талаптары туралы өтінімдерін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау үшін уәкілетті органға жіберу



3

Кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтініштерін қарау



4

Сотқа уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны ұсыну



5

Кредиторларды, оның мәлімдеген талаптарын қарау нәтижелерін (толық көлемде немесе бір бөлігін мойындау немесе мойындамау туралы) хабарлау, мәлімдеген кредиторлар талаптарын қарау және бірінші кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күні туралы мойындалған талаптарын тізілімге енгізу



6

"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабы 6-тармағында көзделген жағдайларда оңалту рәсімдерін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгіну



7

Борышкерге кредиторлардың талаптары тізілімін, сондай-ақ талаптары мойындалмаған кредиторлардың тізілімін қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурстарында жариялау үшін уәкілетті органға жолдау




      Уәкілетті органның лауазымды адам (-дар) ы:

      _____________________ ______________ _______________________________

       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      _____________________ ______________ _______________________________

       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Тексеру парағын алғаны туралы белгі

      Уақытша әкімші:

      ________________________________ _______________________

       (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Күні "____" _______________ 20 ж.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 10 қарашадағы № 487 және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы № 93
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
нысан

Оңалту рәсімдерін жүргізуде
оңалтуды басқарушының қызметін тексеру парағының нысаны

      Тексеруді тағайындаған, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті

      орган _______________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________

      _____________________________________________________________________

       (№, күні)

      _____________________________________________________________________

       (тексеруді тағайындау мәні)

      Оңалтуды басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________

      Мекенжайы, орналасқан орны __________________________________________

р/с

Талаптардың тізбесі

Ия

Жоқ

1

Борышкерді әдейі төлемге қабілетсіз ету белгілерінің бар (жоғын) анықтау бойынша міндеттемені тиісінше орындау және белгілері анықталған жағдайда процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жүгіну



2

Егер талаптарды есепке алу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзаралық негізде болып табылса, талаптарды есепке алу туралы кредиторға мәлімдеуі



3

Оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы уәкілетті орган сұрау салған және ағымдағы ақпаратты уәкілетті органға жіберу



4

Оңалту жоспарында көзделген мәмілелерді қоспағанда, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді кредиторлар жиналысының келісімі болуы



5

Борышкердің мүлкін басқаруға қабылдау және борышкердің мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз ету



6

Кредиторлар комитетімен шарт жасау



7

Оңалту жоспарын орындауды ұйымдастыру, оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты сотқа жіберу



8

Кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу, кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кезде, кезектiлiк пен есеп айырысу қағидаларын сақтау



9

Кредиторлар комитетінің мүшелеріне кредиторлар комитетінің жиналысын өткізу туралы және кредиторлар жиналысының күні жөнінде және өткізілетін орны туралы кредиторларға хабарлама жіберу



10

"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде мұндай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану не мүлікті қайтару туралы талаптар қою



11

Оңалту рәсімін тоқтату немесе оңалту рәсімін тоқтатып борышкерді банкрот деп тану туралы, сондай-ақ қортынды есепті сотқа ұсыну, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларда оңалту рәсімдерін тоқтата тұру туралы сотқа жүгінуі



12

Алдыңғы айдағы қаржылық жай-күй, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізу, сондай-ақ кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсыну



13

Борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрау салуы бар болған кезде, өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы толық ақпаратты ұсынуы



14

Оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, борышкерге тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруі



15

Егер борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімі енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түссе, борышкердің жаңа ақшалай міндеттемелерін туғызатын мәмілелерде кредиторлар комитетінің келісімі бар болуы



16

Оңалту жоспарын орындау барысында борышкердің мүлкін (активтерін) сатуда электрондық аукцион өткізу тәртібін сақтау




      Уәкілетті органның лауазымды адам (-дар) ы:

      _____________________ ______________ _______________________________

       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      _____________________ ______________ _______________________________

       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Тексеру парағын алғаны туралы белгі

      Оңалтуды басқарушысы:

      ________________________________ _______________________

       (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Күні "____" _______________ 20 ж.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 10 қарашадағы № 487 және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы № 93
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
нысан

Банкроттық рәсімдерін жүргізуде
уақытша басқарушы қызметін тексеру
парағының нысаны

      Тексеруді тағайындаған, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті

      орган

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________

      _____________________________________________________________________

       (№, күні)

      _____________________________________________________________________

       (тексеруді тағайындау мәні)

      Уақытша басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________

      Мекенжайы, орналасқан орны __________________________________________

р/с

Талаптардың тізбесі

Ия

Жоқ

1

Әдейі немесе жалған банкроттық белгілерін анықтаған жағдайларда тиісті тұлғаларды Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуі



2

Банкроттық рәсімдерді жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы және уәкілетті орган сұрау салған ақпаратты ұсынуы



3

Құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлікке құқық белгілейтін құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау



4

Сот шешімі шығарылғанға дейін оның төлем қабілетсіздігі белгілерінің бар не жоқ екенін растау мақсатында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік құжаттарының негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыруы және сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытындыны ұсынуы



5

Сот талқылауы кезеңінде борышкер мүлкі меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің активтерін шығаруына жол бермеу мақсатында оларды бақылауды қамтамасыз етуі



6

Кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтініштерін қарастыру



7

Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін борышкерлердің банкрот деп танылуы туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберуі



8

Банкрот деп танылғандығы туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары туралы және қозғалысы туралы ақпаратты уәкілетті органнан сұрау



9

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы банкрот қызметкерлерін ескерту



10

Банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберу, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кредиторлар талаптарының тізілімдерін уәкілетті органға жіберу, кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру



11

Банкроттың мүліктік массасына түгендеуді жүргізуге және түгендеу бойынша есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынуы, банкрот мүлкін қорғауды және бақылауды қамтамасыз етуі



12

Егер банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін мұндай мүліктің құны елеулі төмендеген (тез бұзылатын тауарлар, маусымдық тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) жағдайларда банкрот мүлкін сатуды жүзеге асыру



13

Кредитордың және борышкер мүлкі меншік иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы хабарлау



14

Борышкер мен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын акт шығарған жағдайда, осы сот актісіне шағымдану туралы мәселені қарау үшін өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредиторға не борышкерге көшірмесін ұсыну



15

Кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыру және өткізу



16

Банкроттықты басқарушыға (уәкілетті органға) құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беру



17

Сот, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған, не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда борышкерге құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге құндылықтарды беру



18

Тиісінше және дер кезінде кредиторлардың талаптары қарастыру және танылған талаптарды тізілімге енгізу, кредиторлар жиналысының өткізлу күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар етуі, Әр бір кредиторға жазбаша талаптарын қарау нәтижелері туралы (толық көлемде немесе себептерін көрсете отырып, бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) хабарлауы




      Уәкілетті органның лауазымды адам (-дар) ы:

      _____________________ ______________ _______________________________

       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      _____________________ ______________ _______________________________

       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Тексеру парағын алғаны туралы белгі

      Басқарушы:

      ________________________________ _______________________

       (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Күні "____" _______________ 20 ж.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 10 қарашадағы № 487 және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы № 93
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
нысан

Банкроттық рәсімдерін жүргізуде банкроттықты басқарушы қызметін
тексеру парағының нысаны

      Тексеруді тағайындаған, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті

      орган

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________

      _____________________________________________________________________

       (№, күні)

      _____________________________________________________________________

       (тексеруді тағайындау мәні)

      Банкроттықты басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________

      Мекенжайы, орналасқан орны __________________________________________

р/с

Талаптардың тізбесі

Ия

Жоқ

1

Банкроттық рәсімі барысында әдейі банкроттық фактілері анықталған жағдайда, банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша банкрот мүлкінің жеткіліксіз болуына қарай қанағаттандырылмай қалған кредиторлар талаптарының сомаларын өндіріп алу туралы құрылтайшыларына (қатысушыларына) және (немесе) лауазымды тұлғаларына қатысты қуыныммен сотқа жүгіну



2

Әдейі немесе жалған банкроттық белгілерін анықтаған жағдайларда тиісті тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгіну



3

Егер талаптарды есепке алу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзаралық негізде болып табылса, талаптарды есепке алу туралы кредиторға мәлімдеуі



4

Банкроттық рәсімдерді жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы және уәкілетті орган сұрау салған ақпаратты уәкілетті органға ұсынуы



5

Құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау мерзімінің сақталуы



6

Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап ету



7

Банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары туралы және қозғалысы туралы уәкілетті органнан ақпарат сұрау



8

Кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдарды анықтаған жағдайда берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талапты қоюы



9

Борышкердің оны банкрот деп танығанға дейін көрсетілген "Оңалту және банкрот туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтауға және оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібімен, оның ішінде мұндай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша қайтару туралы талап қоюы



10

Кредиторлар комитетінің шешімі негізінде банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер жасасқан шарттарды өзгертуі немесе бұзуы



11

Банкроттың мүлікін (активтерін) сату жоспарын әзірлеу және оны іске асыру тәртібінің сақталуы



12

Кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу, кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылуы



13

"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 5-тармағында белгіленген адамдарды анықтауы



14

Кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде, банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы хабарлау



15

Егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, сот банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын актіні шығарған жағдайда, кредиторлар комитетіне осы сот актісіне шағымдану туралы мәселені қарау үшін оның көшірмесін ұсынуы



16

Кредиторларды кредиторлар комитетінің жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етуі



17

Банкроттың банктік шоттарын жабуға, салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар бар болған кезде) салық органына тапсыру, банкроттың мөрін жою



18

Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі жойылған жағдайда, борышкерге құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беру



19

Банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда, жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беру



20

Жаңадан анықталған не борышкерге қайтарылған мүлікке (активтерге) қатысты түгендеу туралы есепті кредиторлар комитетіне ұсыну, банкроттың мүлкін қорғауды және бақылауды қамтамасыз етуді



21

Әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшалай қаражатты асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбауы



22

Өз қызметі туралы қортынды есебін сотқа ұсыну




      Уәкілетті органның лауазымды адам (-дар) ы:

      _____________________ ______________ _______________________________

       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      _____________________ ______________ _______________________________

       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Тексеру парағын алғаны туралы белгі

      Банкроттықты бақарушы:

      ________________________________ _______________________

       (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Күні "____" _______________ 20 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады