Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10174 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 678 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 № 678 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің    
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 598 бұйрығымен    
бекітілген       

нысан

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК

________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)

Салық төлеушінің атауы_____________________________________
Тегі ______________________________________________________
Аты _______________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________
                  (ол болған жағдайда)
ЖСН (БСН) _________________________________________________
Тіркелген күні ____________________________________________
Қалыптастырған күні _______________________________________

№_____ Сериясы_________          

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады