Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10141 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 18-02/691 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидалары

      1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген жерлерді куәландыруды қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген жерлерді куәландырудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер (бұдан әрі – орман иеленушілер) сүрек дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейiн кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығын анықтау, сондай-ақ толық кесiлмей қалып қойған ағаштарды (артық кесілген ағаштарды), тасып әкетiлмеген сүректi және сүрек дайындауды жүзеге асыру кезiнде жерге құламай қисайып қалған ағаштарды анықтау мақсатында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргiзіледi.

      3. Куәландыруға рұқсат беру құжаттарында (ағаш кесу билеттері) көрсетiлген дайындау мен тасып әкету мерзiмi аяқталған ағаш кесілген барлық жерлер жатады.

      Сүрек тасып әкетудi кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген жағдайда осы кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғаннан кейін қайталама куәландыру жүргiзiледi.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру ағаш кесу билетінің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн iшiнде, ал сүрек дайындау мен тасып әкету ағаш кесу билетінде көрсетілген мерзімнен ерте аяқталған жағдайда хабардар етілген күннен бастап жүргiзiледi.

      5. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру күні туралы орман иеленуші орман пайдаланушыны немесе оның өкілін мерзім белгіленгенге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

      Орман пайдаланушы немесе оның өкілі белгіленген мерзімде келмеген жағдайда орман иеленуші куәландыруды оның қатысуынсыз жүргізеді. Бұл ретте осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған куәландыру актісі (бұдан әрі – акт) орман пайдаланушыға акт жасалғаннан кейін күнтізбелік 10 күнтізбелік күн ішінде жіберіледі.

      6. Кеспеағаштарды игеру технологиясы талаптарының сақталуын (өскiннiң сақталуы, кеспеағаштарды тазарту) бақылау мақсатында куәландыру қарсыз кезеңде жүргізіледі. Жайсыз климат жағдайлары кезінде (қардың қалың түсуi, өзендердiң тасуы, жолдың бұзылуы) куәландыру орман пайдаланушымен келiсiм бойынша орман иеленушi белгiлейтiн басқа уақытқа ауыстырылады.

      7. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру кезінде орман иеленушіде өзімен бірге:

      1) рұқсат беру құжаттары (ағаш кесу билеттерi) немесе олардың көшiрмелерi және сүрек жинап қойылатын орындар көрсетiле отырып, куәландырылуға жататын әрбiр кеспеағашқа (мөлдекке) арналған абристер;

      2) өлшеу құралдары мен аспаптары (бұрыш өлшеу құралы, өлшеу лентасы, рулетка, өлшеу ашасы);

      3) кеспеағаштарды бөлу және таксациялау материалдары (ағаштарды қайта есептеу ведомосы, кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау ведомосы, кеспеағаш қорын алдын ала беру актiсi);

      4) куәландыру актiлерiнiң, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың, қайта есептеу ведомостарының, материалдық-ақшалай бағалаудың бланкiлерi болуы қажет.

      8. Куәландыруға қатысушы орман пайдаланушыда өзімен бірге:

      1) егер заңды тұлға болса:

      орман пайдаланушының өкiлiне - сенiмхат;

      ұйым басшысы мен бас бухгалтер қол қойған дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк, отындық, өтiмдi шыбықтар мен бұтақшалар) мөлшерi туралы еркін жазылған анықтама;

      ресiмделген технологиялық карта;

      2) егер жеке тұлға болса:

      дара кәсіпкер қол қойған дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк, отындық, өтiмдi шыбықтар мен бұтақшалар) мөлшерi туралы анықтама;

      ресiмделген технологиялық карта болуы қажет.

      9. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелері орман иеленушiнiң, орман пайдаланушының өкiлдерi және куәландыруға қатысушы барлық адамдар (орман шебері, орманшы) қол қоятын актiге енгiзiледi. Актiге куәландыру кезiнде алынған деректерден басқа орман пайдаланушы анықтамасының деректерi бойынша нақты дайындалған кәделік және отындық сүректiң мөлшерi туралы мәлiметтер де енгiзiледi.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелерi бойынша орман иеленуші ведомстволық бағыныстылығына қарай жоғары тұрған ұйымға "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 231 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13573 болып тіркелген) бекітілген 4-ОШ нысаны бойынша кеспеағаштардағы сүрек қалдықтары және ағаш кесілген жерлерді тазарту туралы есеп береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелерiн есепке алу әрбiр кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргiзiледi, ол туралы деректер ағаш кесу билетiне жеке жолмен енгiзiледi.

      Куәландыруға сондай-ақ кеспеағаштармен аралас 50 метрлiк жолақтар да жатады.

      12. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру кезiнде кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығы, кеспеағаштарды игеру тәсілдерінің технологиялық картасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12249 болып тіркелген) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына сәйкес (кеспеағаштар мен сүрек сүйретiп шығаратын жолдардың енi, тиеу алаңдарын, қоймаларды және басқа да қосымша объектiлердi орналастыру, орман өсіру талаптарын сақтау) анықталады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ағаш кесілген жерлерді куәландыру
қағидаларына қосымша

      Нысан

Ағаш кесу жерлерін куәландыру
АКТІСІ

      20___ жылғы "___" ________________

      ______________________________________________________________ облысы

      Мемлекеттік орман

      иеленуші ____________________ Орманшылық ____________________________

      _____________________________________________________________________

      (акті жасаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Орман пайдаланушы ___________________________________________________

      (мекеменің аты)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты – жөні (болған жағдайда))

      __________________________________________________________ қатысуымен

      20__ жылғы "___" __________ № ______ сенімхат негізінде әрекет ететін

      "___" ______________ 20___ жылы, куәландыру күні және орны туралы

      ________________________ хабарландырылған және ______________________

      (хабарландыру тәсілі)

      _____________________________________________________________________

      (куәландыру кезінде қатысушылардың лауазымдары, тегі және аты-жөні)

      № _______ орамда, кесу орындарын куәландыруды жасадық

      мөлдектің № _____________, ағаш кесу билеті № ___________,

      20__ жылғы "__" __________ _________________________________ берілген

      (кім берді)

      Кесу тәсілі _________________________, есепке алу тәсілі ____________

      Тазарту тәсілі ______________________________________________________

      Дайындау мерзімінің аяқталуы _____, әкетілім мерзімінің аяқталуы ____

      Куәландыру кезінде белгіленгені:


Өлшем бірлігі

Орман кесу билетімен алдын ала қарауымен

Нақты кесілгені

Куәландыру күні ағаштың қолда бары

Ескерту

1

2

3

4

5

6

Кеспеағаш ауданы

га





Барлық массасы

текше метр





Соның ішінде:






кәделік






отын






шырпы






сақталынуы






өскін






ауданы

га





саны

мың дана





      Куәландыру кезінде мынадай бұзушылықтары анықталған:

      Орман пайдаланушының түсінігі

      Куәландыру кезіндегі қатысқан адамдардың ескертулері мен ұсыныстары

      Орманға күтiм жасау мақсатында ағаш кесу сапасына ағаш өсiру бағасы.

      Мемлекеттік орман иеленуші, ұйым

      Орман пайдаланушы

      Қатысқандар

      Қолдары:

      Акт бойынша қорытынды:

      Орман иеленушінің, ұйымның басшысы

      "___" _______________ 20___ жыл

Об утверждении Правил проведения освидетельствования мест рубок на участках государственного лесного фонда

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 декабря 2014 года № 18-02/691. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республике Казахстан 23 января 2015 года № 10141.

      В соответствии с подпунктом 18-29) пункта 1 статьи 13 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения освидетельствования мест рубок на участках государственного лесного фонда.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Мамытбеков


  Утверждены
приказом Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 25 декабря 2014 года № 18-02/691

Правила
проведения освидетельствования мест рубок
на участках государственного лесного фонда

      1. Настоящие Правила проведения освидетельствования мест рубок на участках государственного лесного фонда (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18-29) пункта 1 статьи 13 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и определяют порядок проведения освидетельствования мест рубок на участках государственного лесного фонда.

      2. Государственные лесовладельцы (далее - лесовладельцы) после окончания работ по заготовке древесины, в целях выявления полноты и правильности разработки лесосек, а также выявления оставшихся недорубов (перерубов), не вывезенной древесины и зависших деревьев при осуществлении заготовки древесины проводят освидетельствование мест рубок на участках государственного лесного фонда.

      3. Освидетельствованию подлежат все места рубок, где закончился срок заготовки и вывозки, указанный в разрешительных документах (лесорубочные билеты).

      При предоставлении отсрочек на вывозку древесины по истечении срока отсрочек проводится повторное освидетельствование.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным приказом Министра сельского хозяйства РК от 25.12.2015 № 19-1/1124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Освидетельствование мест рубок производится в течение 30 календарных дней со дня окончания срока действия лесорубочного билета, а в случае окончания заготовки и вывозки древесины ранее срока, указанного в лесорубочном билете, со дня уведомления.

      5. Лесовладелец письменно извещает лесопользователя или его представителя о дне освидетельствования мест рубок не позднее, чем за 5 календарных дней до назначенного срока.

      При неявке лесопользователя или его представителя к назначенному сроку лесовладелец проводит освидетельствование без его участия. При этом составленный акт освидетельствования мест рубок (далее - акт) по форме, согласно приложению к настоящим Правилам, высылается лесопользователю в течение 10 календарных дней после составления акта.

      6. В целях контроля за соблюдением требований технологии разработки лесосек (сохранение подроста, очистка лесосек) освидетельствование проводится в бесснежный период. При неблагоприятных климатических условиях (значительный снежный покров, разлив рек, распутица) освидетельствование переносится на другое время, определяемое лесовладельцем по согласованию с лесопользователем.

      7. При проведении освидетельствования мест рубок лесовладелец имеет при себе:

      1) разрешительные документы (лесорубочные билеты) или их копии и абрисы на каждую, подлежащую освидетельствованию лесосеку (делянку), с указанием мест складирования древесины;

      2) измерительные приборы и инструменты (угломерный инструмент, мерная лента, рулетка, мерная вилка);

      3) материалы по отводу и таксации лесосек (ведомость перечета деревьев, ведомость материально-денежной оценки лесосек, акт предварительной передачи лесосечного фонда);

      4) бланки актов освидетельствования, протоколов об административных правонарушениях, перечетных ведомостей, материально-денежной оценки.

      8. Участвующий в освидетельствовании лесопользователь имеет при себе:

      1) если юридическое лицо:

      на представителя лесопользователя - доверенность;

      справку о количестве заготовленной древесины в произвольной форме (в том числе деловой, дровяной, ликвидного хвороста и сучьев), за подписью руководителя организации и главного бухгалтера;

      оформленную технологическую карту;

      2) если физическое лицо:

      справку о количестве заготовленной древесины (в том числе деловой, дровяной, ликвидного хвороста и сучьев) за подписью индивидуального предпринимателя;

      оформленную технологическую карту.

      9. Результаты освидетельствования мест рубок заносятся в акт, подписываемый представителями лесовладельца, лесопользователя и всеми участвующими в освидетельствовании лицами (мастер леса, лесник). В акт кроме данных, полученных при освидетельствовании, вносятся также сведения о количестве фактически заготовленной деловой и дровяной древесины по данным справки лесопользователя.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра экологии и природных ресурсов РК от 18.04.2023 № 127 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. По результатам освидетельствования мест рубок лесовладелец представляет в вышестоящую организацию по ведомственной подчиненности отчет об остатках древесины на лесосеках и очистке мест рубок по форме 4-ЛХ утвержденной приказом исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 231 "Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Комитетом лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13573).

      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 30.01.2017 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Учет результатов освидетельствования мест рубок ведется по каждой лесосеке (делянке), данные о которой внесены в лесорубочный билет отдельной строкой.

      Освидетельствованию подлежат также 50-метровые полосы, смежные с лесосеками.

      12. При проведении освидетельствования мест рубок устанавливаются полнота и правильность разработки лесосек, соответствие способов разработки лесосек (ширина лесосек и волоков, размещение погрузочных площадок, складов и других вспомогательных объектов, соблюдение лесоводственных требований) технологической карте и Правилам рубок леса на участках государственного лесного фонда, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 18-02/596 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11894).

      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 25.12.2015 № 19-1/1124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение
к Правилам проведения
освидетельствования мест рубок
на участках государственного
лесного фонда

      Форма

АКТ
освидетельствования мест рубок

      "__" _______________ 20__ года

      Область _____________________________________________________________

      Государственный

      лесовладелец ___________________ Лесничество ________________________

      _____________________________________________________________________

      (должность, фамилия, имя и отчество (при наличии) составителя акта)

      в присутствии лесопользователя ______________________________________

      (наименование организации,

      _____________________________________________________________________

      (должность, фамилия, имя, отчество (при наличии))

      ____________________________________________________________________,

      действующего на основании доверенности № _______

      от "____" ____________ 20__ года, извещенного о дате и

      месте освидетельствования "____" _________________ 20__ года

      __________________ и ________________________________________________

      (способ извещения) (должности, фамилии и инициалы присутствующих

      при освидетельствовании)

      произвели освидетельствование мест рубок в квартале № ______________,

      делянка № _______________, по лесорубочному билету № _______________,

      выданному _______________________________ "__" __________ 20__ года

      (кем)

      Способ рубки ___________________________, способ учета ______________

      способ очистки ______________________________________________________

      срок окончания заготовки ________, срок окончания вывозки ___________

      При освидетельствовании установлено:


Ед. изм.

Предусмотрено по лесорубочному билету

Фактически вырублено

Наличие древесины на день освидетельствования

Примечание

1

2

3

4

5

6

Площадь лесосеки

га





Масса-всего

куб.м.





в том числе:






деловой






дров






хвороста






Сохранность






подроста






площадь

га





количество

тыс. шт






      При освидетельствовании выявлены следующие нарушения:

      Объяснение лесопользователя

      Замечания и предложения лиц, присутствующих при освидетельствовании.

      Лесоводственная оценка качества проведения рубок ухода за лесом.

      Государственный

      лесовладелец, организация

      Лесопользователь

      Присутствующие

      Подписи:

      Заключение по акту:

      Руководитель лесовладельца, организации

      "___" _______________ 20__ года