Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/897 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12249 болып тіркелді

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы  
№ 18-02/897 бұйрығымен  
      бекітілген        

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін айқындайды.
      2. Пайдалану және орнын ауыстыру:
      1) тұқымдар мен отырғызу материалын – ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде тұқымдар мен отырғызу материалын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (ауыстыру шекарасы) регламенттелетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-02/110 «Орман тұқымдарын аудандастыруын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7581 тіркелген) қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады;
      2) отандық тұқымдар мен отырғызу материалын – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына 8-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12032 тіркелген) сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады;
      3) импорттық тұқымдар мен отырғызу материалын – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына 3-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12032 тіркелген) сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Импорттық тұқымдар мен отырғызу материалы интродукциялық-карантиндік тұқымбақтарда карантиндік объектілермен және басқа да аса қауіпті зиянды организмдермен жасырын залалданудың бар-жоғына тексерілуге жатады.

2. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдарды пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі

      4. Пайдалануға рұқсат етілген тұқымдар жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және олардың топырақтағы өнгіштігін арттыру мақсатында себу алдындағы дайындаудан өтеді.
      5. Тұқымдарды себу алдындағы дайындаудың мынадай тәсілдері қолданылады: стратификация (қар шашу), тұқымдардың сыртқы жамылғысына механикалық, жылу және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен сәулелендіру, тұқымдарды дезинфекциялау және дезинцекциялау.
      6. Тұқымдарды себу алдындағы дайындаудың негізгі тәсілі стратификация болып табылады.
      7. Себуге арналған орман тұқымдарын стратификациялау арнайы үй-жайларда, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымының түріне байланысты +10 градустан +350С дейін, салқын стратификация 0 градустан +70С дейін, сирек +100С).
      8. Стратификациялаудың ұзақтығы орман тұқымдарының физиологиялық тыныштығының терең сипат алуына, орман тұқымдарының өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың болуына байланысты.
      9. Орман тұқымдарын стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте қабығы жарылған орман тұқымдарын сусымалы күйге жеткізіп кептіреді және елейді.
      10. Тұқымдарды себу алдында дайындау ерекшеліктері тұқымдылықтарға байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
      11. Тиеу, тасу және түсіру кезінде тұқымдар механикалық әсерлерге ұшырамауға және суланбауға тиіс.
      12. Тұқымдардың орнын ауыстыру (тасымалдау кезінде бүлінбеуі үшін оларды құрғақ күйге жеткізіп (12-15% ылғалдылық) кептіреді және нығыздап салмай бес қабатты қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдыстарға салады. Ыдысқа салынған тұқымның бір орнының массасы 50 килограммнан аспауға тиіс.
      13. Ыдыстың әрбір орны тұқымдардың түр атауы, массасы, күні, жөнелтуші мен алушы ұйымдарының атаулары мен мекенжайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.
      14. Себу орнына немесе көлік құралдарына тиеуге жеткізілген тұқымдар оларды пайдалану немесе жөнелту сәтіне дейін қалқа астында немесе жабық платформаларда сақталады.

3. Отырғызу материалын пайдалану мен оның орнын ауыстыру тәртібі

      15. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде отырғызу материалын пайдалану мен оның орын ауыстыруға отырғызу материалын өсірген орман тұқымбағының иесі беретін отырғызу материалының паспорты болған кезде жол беріледі.
      16. Отырғызу материалының паспорты отырғызу материалын қабылдау актісінің негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
      17. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалын сапасы мен саны бойынша орман иеленушінің немесе орман пайдаланушының тұқымбақтарында қабылдауды барлық қазып алынатын алаңда жылына екі рет көктемгі және күзгі отырғызу материалын қазып алу алдында комиссия жүзеге асырады, оның құрамында:
      1) тұқымбақтың өкілдері (тұқымбақ бастығы немесе орман дақылдарының инженері);
      2) карантиндік қадағалау қызметінің өкілі;
      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органының өкілі болады.
      18. Отырғызылатын материал партиялармен қабылданады. Бірдей жағдайларда өсірілген, бір тұқымды, бір жастағы және шығу тегі бір екпе көшеттердің, тікпе көшеттердің кез келген мөлшері партия болып есептеледі.
      19. Орман иеленуші және орман пайдаланушы ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін өсірген немесе сатып алған отырғызу материалы осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген талаптарға сай келуі тиіс.
      20. Тамыр жүйесі ашық екпелер, көшеттер және қысқы (сүректенген) қалемшелер көктемгі және күзгі кезеңдерде ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылады.
      21. Тамыр жүйесі жабық екпелер мен көшеттерді (топырақ кесегімен) тамыр жүйесін кеуіп қалудан сақтау шартымен жыл бойы отырғызуға болады.
      22. Отырғызу материалының орнын ауыстыру (тасымалдау) көліктің барлық түрімен жүзеге асырылады, оларда діңдері, бұтақтары және тамыр жүйесі бүлінбейтіндей етіп отырғызу материалын біркелкі орналастыру қамтамасыз етіледі.
      23. Отырғызу материалын тасымалдау кезінде:
      1) оларды бумалап байлайды, саңылауы бар жәшіктерге, қаптарға және себеттерге салады;
      2) тамыр жүйесінің кеуіп қалуына жол бермеу мақсатында олардың бетіне ылғалды ағаш ұнтақтары, қар, сабан немесе қамыс төсейді.
      24. Тиеу, тасу және түсіру кезінде отырғызу материалына механикалық зақым келмеуі тиіс.

Ормандарды молықтыру мен
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
1-қосымша

Тұқымдарды тегіне байланысты себу алдындағы дайындаудың ерекшеліктері

Тегі

Тұқымды себуге дайындау тәсілдері

Тұқымдардың өсу қуатын және олардың жердегі өнгіштігін ынталандыру үшін дайындау әдістері

күзгі

көктемгі

1

2

3

4

5

1

Кәдімгі өрік

Тұрақты аяздарға екі ай қалғанда себілсе стратификацияланбайды. Күз аяғында себілсе, жиналған сәттен бастап жазғы траншеяларда немесе үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

3-5 0С температурада дымқыл құм салынған жәшіктерде 90-100 күн бойы немесе қыста тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды температурасы 35 0С суда жібітеді, үшінші тәулікте температурасы 16-180С су құяды. Содан кейін температурасы 30-350С үй-жайларда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды.
Қоспаны күніне 2-3 рет араластырып тұрады.
12-15-ші күні өсіп-өне бастайды

2

Биік айлант

Дайындамайды

2-3 күн бойы суда жібітеді


3

Бұталы аморфа

Дайындамайды

24 сағат бойы суда жібітеді


4

Қара жемісті арония

Дайындамайды

Марганец қышқылды калий ерітіндісінде (0,5 %) 2 сағат бойы жібітеді, содан кейін 60 күн стратификациялайды


5

Салпыншақ қайың (қотыр)

Ерте жазда себілсе алдын ала тұқымды жабыскақ күйге дейін жібітіп алады, күз аяғында және қыста себілсе, дайындамайды

Алдын ала ішінара жабысқақ күйге дейін жібітіп алады (2-3 тәулік) немесе құрғақ күйінде себеді

Алдын ала жібітілген тұқымды 2 тәулік бойы қарға аунатып алады. Қарға аунату ұзақтығы - 30 күн. Температурасы төмен (0оС-қа жуық) үй ішінде құм салынған жәшіктерде 30 күн бойы стратификациялайды және ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді. Тұқымды 6 сағат бойы 0,005 % күкірт қышқылды кобальт ерітіндісімен (COSО4) немесе (NH4)2 МоО4 0,001 % молибден ерітіндісімен өңдейді. Марганец қышқылды калийдің 0,5 % ерітіндісімен 2 сағат дәрілейді

6

Түкті қайың

Талап етілмейді

Алдын ала 2 тәулік бойы жібітіп алады немесе құрғақ күйінде себеді

Қарға аунатып алады немесе төмен температурада (00С-қа жуық) алдын ала жібітілген тұқымды құм салынған жәшіктерде 30 күн бойы стратификациялайды. Алдын ала жібітілген тұқымды брезентке үйіп, жабысқақ күйге дейін жеткізеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді

7

Шығыс биотасы

Тәулік бойы жібітіп алады

Тәулік бойы жібітіп алады


8

Кәдімгі қынаағаш

Қыркүйектен кешіктірмей себілсе дайындамайды; одан кеш себілсе 30 күн стратификациялайды

80-90 күн бойы 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

Тұқымды 500С температурадағы суда 2 тәулік бойы жібітеді

9

Тікенді (кәдімгі) долана

Сеппейді

12-24 сағат бойы 45 % күкірт қышқылы ерітіндісінде жібітеді, жуып-шаяды және температурасы 20-250 С үй-жайларда 180-240 күн стратификациялайды


10

Алқызыл долана

Сеппейді

Жинап алғаннан кейін бірден 5-100С температурада 160-260 күн бойы үнемі ылғалдандыра және араластыра отырып стратификациялайды


11

Бір аналық долана

Жинаған соң 1 жыл ішінде стратификациялайды және келесі күзде себеді. Стратификация алдында 3-4 күн жібітеді

Сеппейді


12

Кәдімгі шие және дала шиесі

Жиналған сәттен бастап себуге дейін жаңа жиналған, кептірілмеген тұқымдарды жазғы траншеяларда немесе салқын үй ішінде стратификациялайды

Жинаған сәттен бастап 180 күн ішінде (дала шиесі үшін - 120-180 күн) үй-жайда немесе тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды


13

Жылтыр шегіршін

Жинағаннан кейін бірден құрғақ күйінде себеді немесе 2 сағат суда жібітеді, кептіріп алады



14

Үш тікенекті (кәдімгі) қарамала

Тұқымды жинаған сәттен бастап себуге дейін жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. Құрғақ тұқымды ерте көктемде себуге болады

Тұқымға қайнаған ыстық суда (900С) жидітеді, содан соң салқындаған суда 10 сағат қалдырады. Су мен тұқымның арақатынасы 3:1. Ісінбеген тұқымды қайта өңдейді.

Ыстық су құюды 2 сағат бойы күкірт қышқылының концентратымен өңдеумен алмастыруға болады

15

Кәдімгі алмұрт

Аязға 1,5 ай қалғанда себетін болса дайындамайды, одан кеш себетін болса жинаған сәттен бастап жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдын ала 2 тәулік бойы жібітілген тұкымды қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе үй-жайда 0-50С температурада стратификациялайды. Стратификация мерзімі - құмда 90 күн, шымтезек ұнтағында 75 күн

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік бойы жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7 күннен кейін өсіп-өнеді. ТМТД-мен немесе фентеураммен дәрілейді

16

Ақ дерен алқызыл дерен (свидина)

Жинаудан себуге дейін бірден жазғы траншеяларда стратификациялайды. Жинаған соң дайындықсыз бірден себуге болады.

Үй-жайларда құм салынған жәшіктерде 180 күн бойы немесе жинаған соң бірден жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 240-270 күн бойы стратификациялайды

Тұқымды 15 күн бойы қарға аунатып алады, содан кейін оны үй-жайларда 90 күн бойы 5-60С температурада стратификациялайды

17

Өте әдемі емен

Дайындамайды

Қыста траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде сақталған соң дайындықты қажет етпейді


18

Кәдімгі шырша және сібір шыршасы

Дайындамайды

9-12 сағат суға жібітеді

Жібітілген тұқымды себу алдында 60-90 күн бойы қарға аунатып алады. Марганец қышқылды калийдің 0,5 % ерітіндісінде 2 сағат жібітеді. ТМТД-мен, фентиураммен, БМК-мен немесе фундазолмен дәрілейді. Мынадай микроэлементтердің су ерітінділерінде 12-18 сағат жібітеді: күкірт қышқылды кобальт (0,03 %), күкірт қышқылды мыс (0,03 %) немесе марганец қышқылды калийдің, бор қышкылының, күкірт қышқылды мыстың, мырыштың және кобальттің (0,002 %-тен) қоспасы

19

Шренк (тянь-шань) шыршасы

Сеппейді

Алдын ала бір тәулік суға жібітілген тұқым қарға аунатылады. Қарға аунату мерзімі 1-1,5 ай. Қарға аунатқаннан кейін 0,5% КМn04 ерітіндісінде 30 минут дәрілейді

Тұқымды температурасы 35-400С суға салып, 24 сағат ұстайды. Содан соң оны 0,5% КМn04 ерітіндісінде 30 минут дәрілеп, көлеңкеде сусымалы күйге дейін кептіреді және себеді.

20

Кәдімгі ұшқат

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе үй-жайларда 2-50С температурада 60-90 күн стратификациялайды


21

Татар ұшқаты

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы суық траншеяларда немесе үй-жайларда 2-50С температурада 50-60 күн ішінде стратификациялайды

Себу алдында шағын қаптарға салып 1,5 ай бойы қар үстіне қойып қояды немесе 5-80С температурада аптасына 2 рет ылғалдандыра және араластыра отырып, ағаш үгінділерінде стратификациялайды. 18-20 күннен кейін тұқым өнеді

22

Кәдімгі шәңгіш

Жаңа жиналған тұқымды жазғы траншеяларда стратификациялағанда өскіндер бір жылдан кейін пайда болады.

Жинаған соң алдымен жазғы, одан кейін қыста тоңазымайтын траншеяларда немесе алдымен үй-жайларда 15-180С температурада, содан соң қыста 50С дейін төмен температурада стратификациялайды


23

Ағаш тәріздес қараған (сары қараған )

Дайындауды қажет етпейді

Бөлме температурасындағы суда 5 сағат жібітеді

45 күн бойы қарға аунатады немесе 00С мұзда 30 күн бойы ұстайды

24

Кәдімгі ат талшын

Дайындауды қажет етпейді

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтау кезінде дайындайды

Сақтаудан кейін араластыра және ылғалдандыра отырып, жабысқақ күйге дейін жылы жерде бірнеше күн ұстайды

25

Ақ үйеңкі

Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдымен үй-жайда 0-30С температурада 45 күн ішінде стратификациялайды, содан кейін 45 күн бойы қар астында ұстайды. Тұқымды 3 тәулік бойы жібітеді, содан соң алдымен 5-100С температурадағы үй-жайда 60 күн, одан кейін 00С-та 60 күн стратификациялайды

Қарда 45-60 күн стратификациялайды. Молибден аммонийдің 3% ерітіндісінде 24 сағат жібітеді, содан соң 8 күн бойы күніне 3 рет 4 минутқа жылы суға (35-38Т) және суық суға (00С) салады. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді.

26

Сүйір жапырақты үйеңкі (платан тәрізді үйеңкі)

Ерте күзде себуді дайындықсыз жүргізеді, ал кеш себілетіндерін жиналған сәттен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Үй-жайларда немесе қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды. Стратификациялау мерзімі 45-60 күн.

Қарда (қар араластыра отырып) 45-60 күн стратификациялайды. Тұқымға жылы (40оС) су құйып, брезентпен жауып, 3 тәулік ұстайды. Содан кейін 300С жуық температурадағы үй-жайларда күн сайын араластыра және ылғалдандыра отырып, құм салынған жәшіктерде ұстайды. Тұқымдар 7-ші күні өнеді. ТМТД-мен немесе фентиураммен дәрілейді

27

Дала үйеңкісі

Жиналғаннан кейін жазғы траншеяларда себуге дейін кемінде 45 күн стратификациялайды

Жинағаннан кейін алдымен жазғы, содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды, стратификациялау мерзімі 150-180 күн

Тұқымды 3 күн жібітеді және үй-жайларда алдымен 10-150С температурада 60 күн, содан кейін 00С температурада 30-60 күн стратификациялайды

28

Күміс үйеңкі

Сеппейді

Жинаған соң дайындықсыз бірден себіледі (мамырдың аяғы - маусымның басы)

Құрғақ ауа райында екпелерді суару міндетті

29

Татар үйеңкісі (қара үйеңкі)

Жиналғаннан себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Күзден бастап қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды құм салынған жәшіктерде 0-30С температурада әрбір 2-3 күн сайын ылғалдандыра және араластыра отырып страфикациялайды. 30 күннен соң ылғалдандыруды тоқтатады, температураны 00С дейін төмендетеді. 2-ші күні тұқымды қайта ылғалдандырып, температураны 50С дейін көтереді. Бұдан кейін тұқым 18-20-шы күні өнеді. Дайындықтың жалпы ұзақтығы 50 күн

30

Шаған жапырақты үйеңкі

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жай ішінде 30 күн стратификациялайды немесе 1 ай қар астында ұстайды


31

Ірі жапырақты жөке

Тұқымды жиналғаннан бастап жазғы траншеяларда немесе құм салынған жәшіктерде 90 күн бойы стратификациялайды

Алдымен жазғы траншеяларда немесе үй-жайларда, ал содан кейін 0-50С температурада қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды. Стратификация ұзақтығы - 180 күнге дейін


32

Ұсақ жапырақты жөке

Тұқымды жинағаннан соң себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды жазғы, содан соң қысқы тоңазымайтын траншеяларда стратификациялайды

Тұқымды ауық-ауық ауыстырылып тұратын суда 10 күн жібітеді, содан соң 30 күн 15-250С температурада және 90-120 күн 00С температурада стратификациялайды

33

Сібір бал қарағайы

Дайындауды қажет етпейді

9-12 сағат суда жібітеді және 1-1,5 ай қарға аунатады; КМn04 0,5% ерітіндісінде 30 минут дәрілейді

Тұқымды 3 тәулік марганец қышқылды калийдің 0,004 % ерітіндісінде +260С температурада жібітеді, содан кейін дәке дорбаларға салып, дымқыл ағаш үгінділерімен (1,5-2 см қабатпен) көмеді және 2 тәулік ұстайды. Тұқымды 24 сағат бром калийінің 0,5 % ерітіндісінде немесе 0,05 % колхицин ерітіндісінде жібітеді. Тұқымды себуге 30 сағат қалғанда әлсіз әк ерітіндісінде (10 литр суға 200-250 грамм әк) жібітеді.

34

Жіңішке жапырақты жиде

Ерте күзде сепкенде жинаудан кейін бірден дайындамайды; кеш себілсе жиналған кезден бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды

Алдын ала 4 тәулік жібітілген тұқымды қысқы тоңазымайтын траншеяларда немесе 16-200С температурадағы үй-жайлар ішінде стратификациялайды. Стратификациялау ұзақтығы - 90-120 күн

Тұқымға ыстық су (50-600С) құяды және онда бір тәулік қалдырады. Содан кейін температурасы 16-200С үй-жайда құм салынған жәшіктерде стратификациялайды. 15-20-шы күні өне бастайды.

35

Кәдімгі бадам

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайларда немесе траншеяларда 30-60 күн стратификациялайды


36

Виргиния аршасы

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 20-300С температурада 30 күн, 150С темпратурада 120 күн стратификациялайды

Тұқымды 30-50 минуттан артық емес күкірт қышқылы концентратымен өңдейді, сумен шаяды, содан кейін 0-50С температурада 90-120 күн стратификациялайды

37

Кәдімгі арша

Топырақтың қатуына 1,5-2 ай қалғанда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 20-300С температурада 30 күн, 150С температурада 120 күн стратификациялайды


38

Түркістан аршасы

Жаңа жиналған, терең тыныштыққа кетпеген тұқымды дайындамай сол күйінде тамыз айы ішінде себеді

Өткен жылғы терең тыныштықтағы тұқымды жазда себуді шілдеде - тамыздың бас кезінде жүргізеді


39

Жарты шар тәрізді арша

Бұл да қыркүйектің бірінші жартысында себіледі

Бұл да солай


40

Шырғанақ

Топырақ қатпай тұрып 1 айдан кешіктірмей себілсе, дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 90 күн стратификацияланады

3 тәулік суда жібітеді және үй-жайда 30 күн стратификациялайды

41

Грек жаңғағы

Дайындамайды

Үй-жайда құмда 0-50С температурада 30-45 күн ішінде стратификациялайды

Тұкымды көктемде себуге 5-7 күн қалғанда қапқа салынған күйінде тау өзенінің ағын суына малады

42

Кәдімгі шабдалы

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада 100-120 күн стратификациялайды


43

Сібір самырсыны

Дайындауды қажет етпейді

Алдын ала жібітілген тұқымды 30 күн 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде стратификациялайды

Алдын ала жібітілген тұқымды 30 күн ішінде қарға аунатады

44

Ақ қараған (ақ акация)

Сеппейді

Тұқымды стратификациялайды немесе температурасы 80-850С су құйып, алғашқы 15-20 минут араластырып, суығанша қалдырады. Қажет болса ісінбеген тұқымдарды електен өткізіп алып, оларды өңдеуді қайталайды


45

Итмұрын

Шала піскен жемістер тұқымын сепкенде дайындауды қажет етпейді

Шала піскен жемістер тұқымын үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 210-240 күн стратификациялайды


46

Кәдімгі шетен

Жинап алғаннан бастап сепкенге дейін жазғы траншеяларда немесе үй-жайда стратификациялайды

Температурасы 0-50С үй-жайда дымқыл құмда 90-120 күн стратификациялайды, содан кейін қармен көмеді. Стратификацияның жалпы ұзақтығы - 150-180 күн

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. 7 күннен кейін өнеді

47

Ақ сексеуіл және қара сексеуіл

Қыста сепкенде дайындауды қажет етпейді

Дайындауды қажет етпейді


48

Кәдімгі мамыргүл

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада құм салынған жәшіктерде 45 күн стратификациялайды

10-15 сағат суда жібітеді, содан кейін дымқыл ағаш үгіндісінде немесе шымтезекте 2-8 күн ұстайды

49

Үй қара өрігі

Жазғы траншеяларда 90 күн стратификациялайды

Қысқы тоңазымайтын траншеяларда кемінде 150 күн стратификациялайды


50

Тікенді қараөрік (шомырт)

Ерте жазда, тамызда себілетін болса, дайындауды қажет етпейді, кеш себілетін болса, жиналғаннан бастап себуге дейін (2 ай бойы) жазғы траншеяларда, өткен жылдың тұқымын - 80 күн стратификациялайды

Жинала салысымен үй-жайда 150-180 күн немесе қысқы тоңазымайтын траншеяларда 180-210 күн стратификациялайды


51

Алхоры өрік (алша)

Жинала салысымен себуге дейін жазғы траншеяларда стратификациялайды. Өткен жылғы тұқымды 60-90 күн стратификациялайды

Жинала салысымен жазғы траншеяларда стратификациялайды, ал содан кейін қысқы тоңазымайтын траншеяларда 120-170 күн немесе температурасы 3-50С үй-жайда 150 күн стратификациялайды


52

Қызыл күрең қарақат

Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды

Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды

Тұқымды бастапқы температурасы 500С суда 24 сағат жібітеді. Содан кейін 12-150С температурада күн сайын араластыра және ылғалдандыра отырып, 30 күн стратификациялайды. Ауыспалы температурада (жылы және суық) стратификациялағанда тұқымды 30 күн дайындайды.

53

Қара қарақат

Жазғы траншеяларда 45-60 күн стратификациялайды

Үй-жайда 90-120 күн стратификациялайды


54

Сібір самырсын қарағайы

Дайындамайды, тек марганец қышқылды калийдің 0,5 % ерітіндісінде жібітеді

Тұқымды алдын ала 3 тәулік жібітеді, дымқыл құммен, ағаш үгіндісімен немесе шымтезек ұнтағымен араластырып, жәшіктермен қар астына немесе 00С салқын үй-жайға себуге дейін 2-3 ай қойып қояды. Қысқы тоңазымайтын траншеяларда сақтағанда да дайындалады

Құммен араластырылған (2:1) қалыңдығы 20 сантиметр жәшіктегі тұқымды, 50% дейін толық ылғал сіңіргенше сулайды және 30-400С температурада 12 сағат бүркептіргішке қояды, содан кейін қарға көмеді. Бұдан кейін қайта сулап, бүркептіргіштерге қояды, содан соң қар астына қояды. Екі мәрте өңдеуден өткен тұқымды 10-11 күн стратификациялайды. ТМТД немесе фентиураммен дәрілейді.

55

Қырым қарағайы

Себілмейді

Тұқымды 9-12 сағат суға жібітеді


56

Кәдімгі қарағай

Дайындауды қажет етпейді

Тұқымды 9-12 сағат суда жібітеді. Дорбаларға салынған құрғақ немесе жібітілген тұкымды 1-2 ай қарға аунатады.

Тұқымды жібітеді, өнгенше ылғалды күйінде ұстайды және 1-2 айға қар астына шығарып қояды. Микориз түзетін майқұлақ саңырауқұлағының таза дақылымен тұқым микоризациясын жүргізеді. 24 сағат 0,02 % дейін күкірт қышқылды мырыш, күкірт қышқылды марганец (0,1 % және одан төмен), бор қышқылы (0,025%) және гетероауксин (0,01 % және одан төмен) ерітіндісінде жібітеді. Жиілігі 22,5 килогерц және қуаты 15 ватт ульртадыбыспен 10 минут өңдейді

57

Aқ терек

Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)



58

Қара терек

Дайындауды қажет етпейді (жиналған соң бірден себіледі)



59

Батыс бозаршасы

Дайындауды қажет етпейді

Жібітілген тұқымды бір ай бойы қарға аунатады


60

Нағыз пісте ағаш

Себілмейді

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (400С) жібітеді, содан кейін құм салынған жәшіктерде (1:3) немесе траншеяларда 30-40 күн стратификациялайды

Тұқымды 12-15 сағат жылы суда (400С) жібітеді, қаппен жылы жерге іліп қояды және өне бастағанша 9-12 күн ауық-ауық сулап тұрады

61

Кәдімгі мойыл

Дайындауды қажет етпейді

Үй-жайда 0-50С температурада 150-180 күн стратификациялайды


62

Жабайы орман алмасы

Дайындауды қажет етпейді

Суда 2 тәулік жібітеді, содан кейін 0-50С температурада құмда, шымтезекте немесе ағаш үгіндісінде 75-105 күн стратификациялайды

Стратификацияланбаған тұқымды гиббереллиннің 0,002% ерітіндісінде 3 тәулік жібітеді, содан кейін дымқыл құммен араластырады. Тұқым 6-7-ші күні өнеді

63

Кәдімгі шаған

Онша толыспаған тұқымды жазғы траншеяларда маусым айынан бастап себуге дейін стратификациялайды

Үй-жайда алдымен 18-200С температурада 2-3 ай, содан кейін 5-110С температурада стратификациялайды. Стратификациялаудың жалпы ұзақтығы 180-200 күн (шала піскен тұқымдар)


Ескертпе:
1. Тұқымдарды себуге стратификациялау арнайы үй-жайларда, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі.
2. Тұқымды стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды сусымалы күйге дейін кептіреді және егеді.

Ормандарды молықтыру мен
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
2-қосымша

нысан

Отырғызу материалына
№ ___ паспорт

«___»___________ 20__ жыл
_____________________________________________________________________
      (тұқымбақ, орман иеленуші, орман пайдаланушы,
_____________________________________________________________________
              заңды почталық мекен жайы)
өсірген______________________________________________________________
           (отырғызу материалының түрі: екпелер, көшеттер,
_____________________________________________________________________
           соның ішінде тамыр топырағымен, тұқымы)

1. Сапа көрсеткіштері

Партия нөмірі

Екпе көшеттердің (тікпе көшеттердің) стандарт талаптарына сәйкестігі

Жасы

Сорты

Мөлшері, дана






Қазылған уақыты _____ Буып-түю уақыты _____ Жөнелтілген уақыты_______
Пайдалану мақсаты____________________________________________________
                 (дербес қажеттілік, өткізу, тасымалдау ауданы)
Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның берген құжаты
_____________________________________________________________________
(отырғызу материалының карантинге жатқызылған ауданнан тыс жерге
_____________________________________________________________________
           орнын ауыстырған жағдайда толтырылады)

2. Тұқым материалының шығу тегі

Тұқым жиналған жер___________________________________________________
                 (облыс, аудан, орман иеленуші, орман пайдаланушы,
_____________________________________________________________________
                        орманшылық, орам)

Тұқымның кондициялығы туралы куәлік__________________________________
                                    (№, қашан және кім берген)
Тұқымның селекциялық санаты__________________________________________
                              (сортты, жақсартылған, қалыпты)

3. Өсіру шарттары

Өсіру тәсілі_________________________________________________________
                  (ашық жер, бақылау жасалатын орта жағдайлары)

Топырақ жағдайлары, қолданылатын субстрат____________________________
Тыңайтқыш шашу, басқа агротехникалық іс-шаралар______________________
_____________________________________________________________________
             (атауы, дозасы, кезеңділігі, тағы басқа)

Зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арамшөптермен күресу
жөніндегі іс-шаралар
_____________________________________________________________________
       (препараттың түрі, атауы, өңдеу мерзімі мен кезеңділігі)
Орман иеленуші, орман пайдаланушы____________________________________
                         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
М.О.

_____________________________________________________________тіркелді
(орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
_____________________________________________________________________
           және орман өсіру саласындағы аумақтық орган)

№ ____ «____» 20 __жыл

Ормандарды молықтыру мен
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
3-қосымша

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын екпе
көшеттерге қойылатын талаптар

Тұқымдардың атауы

Жасы, жыл

Тамыр мойнындағы діңнің жуандығы, (кем емес), миллиметр

1.

Қылқан жапырақты тұқымдар:



1.1.

Шырша, самырсын, арша

3-5

2,0

1.2.

Қарағай, қызылқарағай

2-3

2,5

2.

Жапырақты тұқымдар (бұталардан басқа)

1-3

3,5

3.

Бұталар

1-3

2,5

      Ескертпе:
      1. Кестеде көрсетілген талаптар тамыр жүйесі ашық екпе көшеттерге қатысты.
      2. Ағаштар мен бұталардың барлық тұқымдарының діңшесінің биіктігі 10 сантиметрден 60 сантиметрге дейінгі екпе көшеттері стандартты отырғызу материалы болып есептеледі. Бұл ретте стандартты отырғызу материалының тамыр жүйесінің ұзындығы мынадай болады:
      1) дала аймағында - 15-20 сантиметр;
      2) орманды дала аймағында - 20-30 сантиметр.
      3. Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру кезінде тегіс діңшелері, толық сүректенген өркен ұштары, тыныштық жағдайындағы әбден қалыптасқан бүршіктері, сондай-ақ шашақты тамырларының мөлшері жеткілікті жақсы тармақталған, сау тамыр жүйесі бар, екпелер мен көшеттер пайдаланылады.
      4. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын екпелер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Ормандарды молықтыру мен
орман өсіру үшін тұқымдар мен
отырғызу материалын пайдалану,
олардың орнын ауыстыру қағидаларына
4-қосымша

Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін пайдаланатын отырғызу материалына (көшеттерге) қойылатын талаптар

Тұқымдардың атауы

Орман өсетін аймақтар

Жасы, жыл

Сорт

Тамыр мойнындағы діңнің жуандығы (кем емес), миллиметр

Жердегі бөлігінің биіктігі (кем емес), сантиметр

1

2

3

4

5

6

7

1

Салпыншақ қайың (қотыр қайың)
Betula pendula Roth (В.veruco Ehrh.)

барлық аймақ

3-4

1
2

8
5

50
35

2

Кәдімгі қынаағаш
Ligustru vulgare L.

таулы аудандар

2-3

1
2

9
6

80
60

3

Жербауырлы шегіршін (Түркістан қарағашы)
Ulmus pinnato-ramosa Dieck.

орманды
дала,
дала

2-3

1
2

8
6

55
40

4

Кәдімгі алмұрт
Pirus communis L.

барлық аймақ

2-3

1
2

7
5

45
30

5

Өте әдемі емен
Quercus robur L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
6

45
30

6

Кәдімгі (еуропалық) шырша
Picea abies (L.) Karst.

барлық аймақ

5-6

1
2

5
4

20
15

7

Сібір шыршасы
Picea obovata Lebed.

орманды
дала

5-6

1
2

6
4

30
20

8

Шренк шыршасы
Picea Schrenki na Fischet Meg.

таулы аудандар

5-6

1
2

6
4

25
15

9

Ағаш тәріздес қараған (сары акация)
Caragana arborescens Lam.

барлық аймақ

3-4

1
2

6
4

35
25

10

Еуропалық екпе талшыны
Castanea sativa Mill.

барлық аймақ

2-3

1
2

15
10

60
45

11

Ақ үйеңкі
Acer pseudoplatans L.

барлық аймақ

2-3

1
2

10
6

55
40

12

Сүйір жапырақты үйеңкі (платан тәрізді үйеңкі)
Acer platanoides L.

барлық аймақ

3-4

1
2

8
6

35
25

13

Aт талшыны
Aesculus hippocastanum L.

барлық аймақ

2-3

1
2

15
10

40
25

14

Ұсақ жапырақты немесе жүрек тәрізді жөке
Tilia cordata Mill.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
5

50
30

15

Сібір балқарағайы
Larix sibirica Ledeb.

орманды дала

3-4

1
2

9
5

40
25

16

Шырғанақ
Hippophae ramnoides L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

17

Грек жаңғағы
Juglans regia L.

барлық аймақ

3-4

1
2

20
10

60
40

18

Сібір самырсыны
Abies sibirica Ledeb.

таулы аудандар

6-8

1
2

6
4

25
15

19

Шығыс биотасы
Biota orientalis Endl

барлық аймақ

4

1
2

12
7

60
40

20

Ақ қараған
Robinia pseudoacacia L.

барлық аймақ

1-2

81
12

8
6

70
50

21

Кәдімгі шетен
Sorbus aucuparica L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

22

Сібір самырсыны, қарағайы
Pinus sibirika Du Tour

барлық аймақ

6-7

1
2

10
6

30
20

23

Кәдімгі қарағай
Pinus silvestris L.

орманды дала

3-4

1
2

8
5

25
20

24

Ақ (күміс) терек
Populus alba L.

орманды дала, дала

2-3

1
2

10
7

100
70

25

Қара терек
Populus nigra L.

орманды дала, дала

2

1
2

7
6

80
60

26

Орман алмасы
Malus silvestris (L.) Mill.

барлык аймақ

2-3

1
2

8
6

45
30

27

Кәдімгі шаған
Flaxinus excelsio L.

барлық аймақ

3-4

1
2

9
7

35
25

      Ескертпе:
      1. Аумағы жағынан орман өсетін аймақтарға, қосымша аймақтарға және табиғи өңірлерге кіретін әкімшілік аудандар:
      1) Орманды дала аймағы:
      Солтүстік Қазақстан облысы;
      Қостанай облысының солтүстік аудандары;
      Павлодар облысының солтүстік-шығыс аудандары.
      2) Дала аймағы:
      Қостанай облысы (солтүстік аудандардан басқа);
      Павлодар облысы (солтүстік-шығыс аудандардан басқа);
      Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары (таулы аудандардан басқа);
      Атырау және Ақтөбе облыстары;
      Қарағанды облысының солтүстік бөлігі.
      3) Таулы аудандар: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары.
      2. Бұталарды қоспағанда, діңшелері қосарланған және басты өркені тармақталған, сондай-ақ әртүрлі зақымдары бар, соның ішінде зиянкестер және аурулармен залалданған бүлдірген отырғызу материалы стандартсыз материал болып есептеледі және ландшафтық-рекреациялық екпелер құру кезінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
      3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылатын отырғызу материалы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ұлттық стандарттарда көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады