Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 сәуірде № 32336 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 127 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларында:

      14-тармақ алып тасталсын;

      9-қосымша алып тасталсын.

      2. "Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшасы, осы тізімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдамаларды беру қағидаларында:

      осы қағидаларға 1-қосымша осы тізімге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакциядағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есепке алу деректері негізінде жаңадан бекітілген аңшылық алқаптары үшін 3 ай ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алудың қосымша мерзімі белгіленсін;".

      5. "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрыққа 1-қосымша, осы тізімге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27066 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық парктердегі туристік және рекреациялық қызметті тікелей ұлттық парк, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.";

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктер учаскелері (бұдан әрі – учаскелер) жеке және заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға және бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Ұлттық парктердің учаскелерін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беруді ұлттық парк тікелей жүзеге асырады.

      Қысқа мерзімді пайдалануға ұлттық парктің уақытша объектілерін (шатырлы лагерьлер, қоғамдық тамақтандыру объектілері, бивак алаңдары мен қарау алаңдары, жағажайлар, қайық станциялары, велосипедтерді және көліктің су түрлерін және жағажай жабдықтарын жалға беру пункттері) орналастыруға арналған учаскелері рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып, ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салумен стационарлық омарталарды, қысқа мерзімді пайдалануға беріледі. тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан учаскелерді қоспағанда. Учаскелер туристік соқпақтарда, маршруттарда, сондай-ақ бас жоспарға сәйкес олардан бөлек беріледі.".

      7. "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6530 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесінде:

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) су айдындарында, ЕҚТА-ны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын және құтқару пунктерін алып тастағанда моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің болуына;".

      8. "Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 345 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15713 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Үйлестіру кеңесі үйлестіру кеңесінің төрағасы, хатшысы және мүшелері құрамында қалыптасады.

      Үйлестіру кеңесінің құрамы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілдерінен, атқарушы және өкілді органдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен, кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелердің (бұдан әрі – инспекция) және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерінен қалыптасады.

      Үйлестіру кеңесінің сандық құрамы тақ санды болады.

      Үйлестіру кеңесіндегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.".

      9. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10141 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелері орман иеленушiнiң, орман пайдаланушының өкiлдерi және куәландыруға қатысушы барлық адамдар (орман шебері, орманшы) қол қоятын актiге енгiзiледi. Актiге куәландыру кезiнде алынған деректерден басқа орман пайдаланушы анықтамасының деректерi бойынша нақты дайындалған кәделік және отындық сүректiң мөлшерi туралы мәлiметтер де енгiзiледi.".

      10. "Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10346 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларында:

      6-тармақ алып тасталсын.

      11. "Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларында:

      19-тармақ алып тасталсын.

      12. "Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін, сондай-ақ қағаз тасығыштарды пайдаланып:";

      Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Аумақтық бөлімше) және орман шаруашылығымен айналысатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) бередi.".

      13. "Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10418 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қоры аумағында өрттер келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабының 1-тармағының 18-31) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман иеленушілердің орман қорының аумағында өрттерден келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу тәртібін белгілейді.".

      14. "Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы 18-02/924 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орманды шолып, тексеруді мемлекеттік орман иеленушілер ұйымдастырады және жүргізеді. Оны жүргізу үшін мемлекеттік орман иеленуші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен құрамында үш және одан көп адам болатын комиссия құрылады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орманды шолып, тексеру жүргізу кестесі бекітіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жоспарлы тексерулерде орман тәртібін бұзушылық барынша көп анықталған орман айналымдарында бақылау тексерулерін уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесі орман иеленушінің қатысуымен жүргізіледі.";

      9 және 10-тармақтар алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 127 Кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
1-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 қазандағы
№ 1034 қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген сирек
кездесетін және құрып кету
қаупі төнген жабайы тірі
жануарлар мен жабайы өсетін
өсімдіктер түрлерінің
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. Лицензия алу
2. Лицензияны қайта ресімдеу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) лицензия беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тірі жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия, тірі жабайы жануарлар, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер және жабайы өсетін дәрілік шикізат экспортына қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не дәлелді бас тарту хаты.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Қазақстан Рес-публикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес кестенің 1.8 және 3.1-жолдары:
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі -АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 1 АЕК.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі

1) лицензия алу үшін: сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (біржолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалар белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 127 Кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрдің міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/145 бұйрығына
1-қосымша
  Үлгілік нысан
(типовая форма)

Жолдаманың үлгiлік нысаны Типовая форма путевки

      Жолдаманың алдыңғы беті

      (лицевая сторона путевки)

Аңшылық шаруашылығы субъектісіне бекітілген аумақта ғана жарамды
(действительно только на территории, закрепленной за субъектом охотничьего хозяйства)
_____________________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы,
наименование субъекта охотничьего хозяйства)
Балық шаруашылығы субъектісіне бекітілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде ғана жарамды
(действительно только на рыбохозяйственном водоеме и (или) участке, закрепленном за субъектом рыбного хозяйства) __________________________
___________________________________________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің атауы, наименование субъекта рыбного хозяйства)
 ЖОЛДАМА № ____________________________________
 ПУТЕВКА (тіркеу нөмірі,регистрационный номер)
Бір жолғы, маусымдық (разовая, сезонная) _________________________
Жолдама құны (стоимость путевки) __________________________ теңге
Аңшының Т.А.Ә. (Ф.И.О. охотника) _________________________________
Балықшының Т.А.Ә. (Ф.И.О. рыболова) ______________________________
Аңшының куәлігі № (№ удостоверения охотника) _____________________
Берілген күні (дата выдачи) ______________________________________
Аңшылық шаруашылығының атауы
(наименование охотничьего хозяйства)
____________________________________________________________________
Балық шаруашылығы субъектісінің атауы
(наименование субъекта рыбного хозяйства, с указанием водоема и (или) участка для рыболовства)
____________________________________________________________________
Қорықшыға жіберіледі (направляется к егерю) _____________________
Т.А.Ә. (Ф.И.О.)
Балықтың және басқа да су жануарларының түрі, кг (вид рыб и других водных
животных разрешенных к изъятию, кг) __________________________________
Қолданылу мерзімі (срок действия) 20_ жылғы "__" ______ ден 20__ жылғы "__" дейін
Аңшылық шаруашылығының жолдама берген жауапты адамы (ответственное лицо
охотничьего хозяйства выдавшее путевку) _____________________________
Т.А.Ә., қолы (Ф.И.О., подпись)
Жолдама берген балық шаруашылығы субъектісінің жауапты адамы
(ответственное лицо субъекта рыбного хозяйства, выдавшее путевку)
____________________________________________________________________
Т.А.Ә. қолы (Ф.И.О., подпись)
Аңшылық шаруашылығының ішкі күн тәртібінің қағидаларімен таныстым (с правилами
внутреннего распорядка охотничьего хозяйства ознакомлен)
____________________________________________________________________
(аңшының қолы, подпись охотника)
М.О. Жолдама берілген күн 20___ жылғы "__" __________
М.П. (Дата выдачи путевки)

      Жолдаманың артқы беті

      (обратная сторона путевки)

Тұяқты жануарлардың түрі мен саны туралы белгі соғу (отметка о виде и количестве копытных животных)

Нақты ауланғаны (фактически добыто)

Күні (дата)

Қорықшының немесе аңшының қолы (подпись егеря или охотника)

Құстың түрі (вид дичи)

Саны (количество)





Нақты ауланғаны
(фактически выловлено)

Күнi
(дата)

Қорықшының немесе жолдама рәсімдеген тұлғаның қолы (подпись егеря или лица, на которого оформлена путевка)

Аулаған балықтың, басқа су жануарларының түрлерi (выловленные виды рыб, других водных животных)

Саны, кг (количество, кг)





      Ескерту (примечание):

      1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – аңшының немесе тұлғаның өзі жүргізеді

      (отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии – самим охотником или физическим лицом).

      2. Жолдаманы басқа адамға беруге шығарылмайды

      (передача путевки другому лицу не производится).

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 127 Кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-04/287 бұйрығына
1-қосымша
  Үлгілік нысан

_________________________________________ (аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы) 20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Жылдар

Жиыны

Аяқтау нысаны

20_

20_

20_

1. Аңшылық алқаптарды қорғау

1.

Жануарлар дүниесі объектілерін қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды жүргізу *(рейдтер саны / километр)





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет

2.

Аншлагтар: *
орнату (дана);
жаңарту (дана);





Орындалған жұмыстар актісі

3.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жануарлар дүниесіне ұқыпты қарау идеяларын насихаттау*:
мақалалар (дана);
буклеттер (дана);
сұхбат (дана).





Мақалалар, эфирлік анықтама

4.

Қорықшылық қызметті қамтамасыз ету*:
арнайы киіммен (комплект);
жанар-жағармай (литр);
қызметтік қарумен (бірлік);
байланыс құралдарымен (дана).





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет

5.

Ұшқышсыз ұшатын аппараттарын сатып алу (бірлік)***





6.

Фото тұзақтарды орнату (бірлік) ***





7.

Бейнебақылауды орнату (бірлік) ***





2. Жабайы жануарларды есепке алу

8.

Жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алуды жүргізу (километр/ гектар) *





Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет

3. Өсімін молайту іс-шаралары

9.

Тұз жалау орындарын*:
Салу (дана)
Жаңарту (дана).





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет

10.

Тұз*:
сатып алу (килограмм)
Орналастыру (килограмм)





11.

Қосымша қоректендіру алаңқайларын жабдықтау (дана) *





12.

Жем астауларын жасау және орнату (дана) *





13.

Бұдан бұрын орнатылған жем астауларын жөндеу (дана) *





14.

Пішен*: дайындау (тонна);
орналасу (тонна)





15.

Астық қалдықтары*:
дайындау (килограмм);
орналасу (килограмм).





16.

Жемшөп алқаптарын егу (гектар)**.





17.

Жасанды су айдындарын құру (дана)**.





18.

Ремиздерді отырғызу (гектар)**.





19.

Жануарлар дүниесі объектілерін реинтродукциялау, Жануарлар түрі (дарақ)***.





Жануарлар дүниесін реинтродукциялауға рұқсат

20.

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда өсіру, жануардың түрі (дарақ)***.





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет

21.

Құрылыс * * (жалға алу): қоршаулар (гектар/жануар түрі), питомниктер (дана/жануар түрі).





4. Аңшылық шаруашылығы іс-шаралары

22.

Қорықшы кордондарын салу** (жалға алу) (дана),
техниканы (бірліктерді) сатып алу (жалға алу).





Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет

23.

Ветеринариялық қызметтер жүгінген жағдайда, тиісті аймақтың ветеринариялық қызметтерімен жабайы етқоректі жануарлардың құтыру ауруына қарсы алдын-ала иммунитеттеу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу (қорек арқылы иммунитеттеу үшін брикет-қармақжемдерін тарату дана/гектар)





Орындалған жұмыстар актісі

      Ескерту:

      * - іс-шаралар орындау үшін міндетті болып табылады.

      ** - егер аңшы пайдаланушы бекітілген аңшылық алқаптың жер иесі болып табылса, іс-шараларды орындау.

      *** - іс-шаралар ұсынымдық сипатқа ие, олардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты аңшы пайдаланушының қалауы бойынша орындалуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады