РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1660 болып тіркелген, 2007 жылғы 12 мамырында № 74 "Ақ жол" және 2007 жылдың 12 мамырында № 52 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіндегі:
"Су айындарының атауы" бағанасының 5 жолындағы "7. Төменгі Ақермен" сөздері алып тасталсын.
"Су айындарының атауы" бағанасының 3, 4 жолдары сәйкесінше "13. Корейское", "16. Көкшырат" сөздерімен толықтырылсын;
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |