Тараз қаласының Королев көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 124 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 24-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда № 2201 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2014 жылғы 23 сәуірдегі Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тараз қаласының Королев көшесі Қаратай Тұрысовтың есімімен қайта аталсын.
      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының аймақты, әкімшілік–аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Облыс әкімі                                К. Көкрекбаев
      
      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы                            С. Бейсенбеков
      
      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Б. Қарашолақов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады