РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-Ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі К.Көкрекбаев
Жамбыл облысы әкімінің
2014 жылғы «30» шілдедегі
№ 2 шешімімен бекітілген
Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы
өнiмдердi сату Қағидалары
1. Осы Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Жамбыл облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды.
2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық iс-шаралар) заңнамалық ережелерді және инженерлік жүйелерді, техникалық құралдарды техникалық пайдалану қағидаларын, қоғамдық, өрт сөндіру, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін сақтаған жағдайда өткізіледі.
3. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер бұқаралық iс-шараларды өткізу барысында тиісті мемлекеттік органдар және ұйымдармен келісілген орындарда көше (көшпелі) саудасын және стационарлық емес нысандарда (лотоктарда, дүңгіршектерде, шатырларда, автодүкендерде, ашық мини-кафелерде, аттракциондардың алаңдарында және басқаларда) қызмет көрсетуді ұйымдастыра алады, оның ішінде: салқындатқыш сусындар, балмұздақ, аспаздық өнімдер, сувенирлер, атрибутикалар және басқа да азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ұсақ бөлшек саудасын, қоғамдық тамақтандыру, аттракциондар, басқа қызметтерді көрсете алады.
4. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер бұқаралық iс-шаралар орындарындағы сауда қызметін санитарлық ережелер мен талаптарға қатаң сәйкес ұйымдастыруы тиіс.
5. Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде және оларға іргелес аумақтарда алкоголь өнімдері мен құрамында спирт бар сусындарды, сыраны кез-келген ыдыстарда, шыны ыдыстарға құйылған (салынған) салқындатқыш сусындар мен басқа өнімдерді сатуға жол берілмейді.
6. Аталған аумақтарға бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында шыны ыдыстағы кез-келген сусындар (спирттік, алкоголі аз ішімдіктер, сыра, салқындатқыш және басқа) мен басқа өнімдерді әкелуге және ішуге тыйым салынады.
7. Жамбыл облысы аумағында халық көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастырушылар:
1) өткізілетін шараның сипатын, техикалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-гигиеналық нормаларды есепке ала отырып, сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын орналастыру сызбасы болуын;
2) сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету нысандары орналасқан жерлерде қоқыс жинау үшін контейнерлер, жәшіктер болуын және орналастыруды;
3) қызмет көрсетуге қатысушыларға сауда қызметінің уақыты, жері және шарты туралы қажетті ақпаратты беруді;
4) ішкі істер органдарымен бірлесе отырып:
бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда сауда ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
алкоголь өнімдері мен құрамында спирт бар сусындарды, сыраны кез-келген ыдыстарда, шыны ыдыстарға құйылған (салынған) салқындатқыш сусындар мен басқа өнімдерді сатуға тыйым салу;
шыны ыдыстағы кез-келген сусындар (спирттік, алкоголі аз ішімдіктер, сыра, салқындатқыш және басқа) мен басқа өнімдерді алып өтуді және ішуді бақылау бойынша шараларды қарастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
8. Бұқаралық, ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және өткізу барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша жауапкершілік ұйымдастырушыға жүктеледі.
9. Жеке кәсіпкерлер мен сауда қызметін көрсететін кәсіпорын басшылары:
1) азық-түлік өнімдерін тасымалдау және сату барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың, санитарлық заңнаманың, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі;
2) сауда ұйымдастырылатын жерлерде қажетті заттардың, жабдықтардың, көшпелі сауда қызметі орнындағы жауапты тұлға туралы ақпараттың болуын қамтамасыз етуі;
3) сауда орнынан қоқысты шығаруды қамтамасыз етуі;
4) тамақты мангалда, ашық отта әзірлеген жағдайда техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама жүргізуді, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және сатып алушылар қозғалысының легін отқа жолатпауды ескере отырып, қоршаудың болуын қамтамасыз етуі;
5) нысандарды мерекелік, тақырыптық безендіруді қамтамасыз етуі тиіс.
10. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларын бұзу – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгілеген жауапкершілікке әкеп соғады.