РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Жамбыл облысының Байзақ ауданында жаңа ауылдық округ құру және Сарыкемер ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 95 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 12-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 болып тіркелген, 2013 жылдың 11 маусымында № 74 (17762) «Ақ жол» және № 67 (17783) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылдық округінің құрамынан Сарыкемер ауылының солтүстік бөлігі Мәмбет батыр көшесінің тақ сан нөмірлі үйлер жағын және Қосақ, Базарбай ауылдарын бөліп алу арқылы жалпы көлемі 3 021 гектар жерімен орталығы Қосақ ауылы болатын жаңа ауылдық округ құрылсын.»
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау жасау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі К. Көкрекбаев
Облыстық мәслихаттың
сессиясының төрағасы К. Терлікбаев
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Б. Қарашолақов