Жамбыл облысының Байзақ ауданында жаңа ауылдық округ құру және Сарыкемер ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 95 қаулысы және Жамбыл облысының мәслихатының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 12-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 маусымда № 1948 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27 баптарына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылдық округінің құрамынан Сарыкемер ауылының солтүстік бөлігі Мәмбет батыр көшесінің тақ сан нөмірлі үйлер жағын және Қосақ, Базарбай ауылдарын бөліп алу арқылы жалпы көлемі 2492,3 гектар жерімен орталығы Қосақ ауылы болатын жаңа ауылдық округ құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысының мәслихатының 28.09.2014 № 29-6 шешімі және Жамбыл облысы әкімдігінің 28.08.2014 № 224 бірлескен қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.04.2021 № 86 қаулысымен және Жамбыл облысы мәслихатының 12.04.2021 № 4-4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Жаңадан құрылған ауылдық округке "Бәйтерек" атауы берілсін.

      3. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылдық округінің шекарасынан 3 021 гектар жер шығарылып өзгертілсін.

      4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары М.С. Жолдасбаевқа жүктелсін.

      5. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы Қ. Шайхиев
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады