"Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 294 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 желтоқсанда № 2402 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қазандағы №315 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 27.10.2016 №315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.С.Әбдірайымовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 294 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық жағынан коммуналдық мемлекеттік мекеме түріндегі заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері:
      Қазақстан Республикасы, пошталық индексi 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, электрондық пошта: trudinspek-taraz@mail.ru, анықтама телефоны: 43-01-96.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу.
      14. Міндеттері:
      1) ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      2) еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау;
      3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау.
      15. Функциялары:
      1) еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
      3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және ұйымдарда жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақытылы тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылау;
      5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;
      6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
      8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;
      10) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      11) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсыну;
      12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты беру;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      Құқықтары:
      1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда өкілеттік етуге және тиісті хат алмасуға, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге;
      2) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынас орнатуға, олардан қызмет үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарының орындалуы бойынша белгіленген тәртіппен және құзыреті шегінде тексерулер және өзге де нысанда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      4) өз құзырына кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
      5) уәкілетті органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалардан талдау жұмысын қамтамасыз ету және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдауға.
      Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексерудi уақтылы және сапалы жүргiзуге;
      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiндегi шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушiлердi (олардың өкiлдерiн) хабардар етуге, кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде ұсынулар енгiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн уақтылы қарауға;
      5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтiру жөнiнде ұсынымдар беруге;
      6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;
      7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерiн жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды әзiрлеу мен қабылдауға қатысуға;
      8) мемлекеттiк құпияны, еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
      9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзуге;
      10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасасуға;
      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;
      12) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауға;
      13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) құрылымдық бөлімшелердің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;
      3) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      4) қызметкерлерді көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      7) мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа қазақстандық және шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      8) "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың әзірлену барысын бақылайды;
      9) "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
      10) белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
      11) "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде бекітеді;
      12) "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
      13) заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап білдіру туралы шешім қабылдайды;
      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қолданады және тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
      "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады