Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 294 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2402 болып тіркелген, 2014 жылдың 11 желтоқсанында "Ақ жол" газетінде, 2015 жылдың 18 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Жанкеге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |