Тараз қаласының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 33-11 шешімі және Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 295 бірлескен қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 2472 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2014 жылғы 4 қыркүйектегі Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тараз қаласының «Арай» алқабындағы атауы жоқ жаңа №1 көшесі Мұқан Атабаевтың есімімен аталсын.
      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс Әкімі
      К. Көкрекбаев
.

Облыстық мәслихаттың сессиясының төрағасы
М. Ескендіров

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы
      Б. Қарашолақов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады