Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г. Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Маржан Төреқұлқызы Қожаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 5 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Қала әкімі | Н. Календеров |
Тараз қаласы әкімдігінің "2015 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1192 қаулысына келісім парағы
Тараз қаласының прокуроры
Б. Телеу
"30" желтоқсан 2014 жыл
Қазақстан Республикасы қорғаныс
министрлігінің "Жамбыл облысы
Тараз қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Абдуллаев
"30" желтоқсан 2014 жыл
Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "29" желтоқсан № 1192 қаулысына қосымша |