Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы әкімдігінің "2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылы 20 қаңтарда № 2467 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 4 "Жамбыл - Тараз" газетінде жарияланған) 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1192 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Қаулымен бекітілген "Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс" қосымшасындағы 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын және келесі мазмұндағы 6 тармағымен толықтырылсын:
"Барлығы" деген жолда:
"786" деген сандары "806" деген сандарымен өзгертілсін;
"776" деген сандары "796" деген сандарымен өзгертілсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 маусымынан туындайтын қатынастарға таралады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
Қала әкімі | Н. Календеров |