Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 365 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім), "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі айқындалсын.
2.
"Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әзімхан Қилыбайұлы Қилыбаевқа жүктелсін.
4.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
М. Шүкеев |
Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң |
Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1.
Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының
50-тармағына сәйкес әзірленген және қалалық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
2.
Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесінің есептеуі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
Бс – 1 шаршы метрге жалға алу базалық мөлшерлемесі Байзақ ауданы аумағында Қазақстан Республикасының тиісті жылға республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген жылына 2 айлық есептік көрсеткіш;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жалдаушымен алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
3.
Аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
№ |
Коэффициенттер түрі |
Коэффициент көлемі |
1. |
Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт.): |
|
1.1. кеңсе |
1,0 |
|
1.2. өндірістік |
0,8 |
|
1.3. қойма, қазандық |
0,6 |
|
2. |
Тұрғын емес үй жай түрін ескеретін коэффициент (Кк) |
|
2.1. жеке тұрған құрылым |
1,0 |
|
2.2. жапсара-қоса салынған бөлік |
0,9 |
|
2.3. цокольдық (жартылай жертөле) бөлігі |
0,7 |
|
2.4. жертөле бөлігі |
0,6 |
|
3. |
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск) |
|
3.1. техникалық-инженерлік құрылғылармен толық қамтамасыз етілген жағдайда (орталық жылу жүйесі, жылы су, су құбырлары, кәріздер мен электр қуаты) |
1,0 |
|
3.2. аталған қызмет түрлерінің біреуі болмаған жағдайда |
0,9 |
|
3.3. аталған қызметердің ешқайсысы болмаған жағдайда |
0,7 |
|
4. |
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (К.р.) |
|
4.1. аудан орталығы үшін: |
1,0 |
|
4.2. кент, ауыл |
0,8 |
|
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кв.д.) |
||
5.1 Банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, халыққа қызмет көрсету үшін "Казпошта" акционерлік қоғамына және ұялы байланыс операторлары үшін (антенналар) |
3,5 |
|
5.2 қызметі бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды кеңселер, адвокат кеңселерімен байланысты делдалдық қызмет және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пунктері және ұйымдар үшін |
3,0 |
|
5.3 қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақүй қызметтерін ұйымдастыру үшін |
2,5 1,2 0,5 |
|
5.4 келесі саладағы қызметтері ұйымдастыру үшін: |
1,0 0,5 0,5 1,0 2,0 |
|
6. |
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф) |
|
6.1 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 |
|
6.2 өндірістік қызметті ұйымдастыру және сату-сатып алу (делдалдық қызмет) есептемегенде халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін (делдалдық қызмет) шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін |
0,9 |
|
6.3 мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан түскен 90 проценттен кем емес табыс алатын акцияларының елу және одан көп проценті (қатысу үлесі) немесе акцияларының бақылау пакеті акционерлік қоғамдар үшін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) |
1,0 |
|
6.4 өзгелер үшін |
1,0 |
4.
Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam/100 х Кп,
мұнда:
Ап – жылына жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалға алуға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
Мемлекеттік мекемелерге жабдықтар мен көлік құралдарын беру кезінде – 0,0 мөлшерінде.
Мүліктік жалдау бойынша 1 шаршы метрге сағатына төлеу мөлшерлемесі айына жұмыс күндерінің және тәуліктегі жұмыс сағаттарының санына мүліктік жалдау бойынша ай сайынғы төлем мөлшерлемесін математикалық бөлу жолымен айқындалады.
С. м. 1 ш. м. = С: 22:8 х Н.к х Н.с. (ай сайынғы құны: 22:8 х нақты күндері х нақты сағаттары), мұнда:
С. м. 1 ш. м. – сағатына 1 ш. м. төлемі бойынша мөлшерлеме;
С – жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі;
22 – 1 айдағы жұмыс күндерінің саны;
8 – күніне жұмыс сағаттарының саны;
Н. к. – нақты жұмыс істеген күндер;
Н. с. – нақты жұмыс істеген сағаттар;
Сағатына 1 шаршы метрге мүліктік жалдау бойынша төлем мөлшерлемесі өтініш берушінің жұмыс кестесін ұсынуына сәйкес мүлік толық емес күнге жалға берілген жағдайларда (спорттық, акт және көрме залдары, оқу аудиториялары) қолданылады.
Білім беру мекемелеріндегі үй жайларды мүліктік жалға алуға (жалдауға) ұсынылған жалдау ақысының есебі оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 мамыры аралығында).
Бір жолғы іс-шараларды жүргізу кезінде жалдау ақысының есебін шаршы метр жалдайтын алаңға 100,0 теңгеге көбейту жолымен жүргізсін.
Мүмкіндігі шектеулі жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ 50% және одан аса мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлері бар ұйымдарға, есептеген жалдау ақысы 50% азайтылып белгіленсін.