Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Байзақ ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Байзақ ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. "Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi аталған қаулы баспасөз беттерiнде және жергiлiктi атқарушы органның интернет – ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |
Байзақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 659 қаулысына қосымша |