РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Наймановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Дәулет |
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 292 қаулысына қосымша |
2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар | Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орын), оның ішінде қаржыландырылатын | Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын | Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері мың (теңге) | ||
Республикалық нысаналы трансферттер есебінен | Жергілікті бюджет есебінен | Республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге) | Жергілікті бюджет есебінен (теңге) | |||
1 | Балабақшалар (ауыл) | 1 215 | 725 | 18 500 | 18 500 | 4 500 |
2 | Шағын орталықтар (ауыл) | 675 | 200 | 15 000 | 15 000 | 3 500 |