Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулымен төмендегі қаулылардың күші жойылды деп танылсын.
1) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 304 қаулысы (Жамбыл аудандық Әділет басқармасында 02.08.10 ж. № 122 болып тіркелген).
2) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы "2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 11 қаулысы (Жамбыл аудандық Әділет басқармасында 07.02.12 ж. № 6-3-136 болып тіркелген).
3) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 471 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 19.10.12 ж. № 1830 болып тіркелген).
4) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қарашадағы "Квота белгілеу туралы" № 529 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 04.12.12 ж. № 1847 болып тіркелген).
5) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы "2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 7 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 04.02.13 ж. № 1883 болып тіркелген).
6) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы "2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 13 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 12.02.14 ж. № 2114 болып тіркелген).
7) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы "2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 292 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 15.07.14 ж. № 2276 болып тіркелген).
8) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Жамбыл ауданының коммуналдық мүлкін жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" № 25 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 06.03.15 ж. № 2554 болып тіркелген).
2. Аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Е. Қыдыралыұлына жүктелсін.
Аудан әкімі | М. Мұсаев |