«Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2014 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Айшабибі ауылдық округіне қарасты Айшабибі ауылындағы:
№1жаңа көшесіне - Дінмұхамед Қонаев атауы берілсін;
№2 жаңа көшесіне - Манан Абдуалиев атауы берілсін;
№3 жаңа көшесіне - Асанбай Асқаров атауы берілсін;
№4 жаңа көшесіне - Әйтеке би атауы берілсін;
№5 жаңа көшесіне - Қазыбек би атауы берілсін;
№6 жаңа көшесіне - Ақкөл атауы берілсін.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Айшабибі ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізушісі бас маманы Ормаханов Дәулет Сержанбекұлына жүктелсін.
3.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айшабибі ауылдық округінің әкімі |
Р. Сеитов |