"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 581 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қаңтарда № 2461 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 419 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 15.12.2016 № 419 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы және "Мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Қуат Рашханұлы Иманалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Жамбыл облысы
Қордай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "26" қарашадағы
№ 581 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан ары – Бөлім) мемлекеттік басқару мен бақылау қызметтерін орындау, бюджеттік жоспарлау, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді ведомствоаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, оның басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ету, бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жалпы бағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімінің Миссиясы:
      бюджеттік жоспарлау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру, бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу және мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өкілеттілікті атқару.
      15. Міндеттері:
      1) Жамбыл облысы Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониториг жүргізу және бағалау;
      2) Жоспарлы кезеңге аудан бюджетін әзірлеу және қалыптастыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау;
      4) Өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру.
      16. Функциялары:
      1) Жылсайын жылжымалы негізде 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 3 жылға арналған бюджет өлшемдерін әзірлеу және бекіту;
      2) Жамбыл облысы Қордай ауданының 5 жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеу және бекіту;
      3) Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мониторингін қамтамасыз ету;
      4) Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мониторингі;
      5) Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүргізу;
      6) Тіректі ауылдық елді мекендердің, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, орташа, төмен ауылдық елді мекендердің тізбесін анықтау, сондай-ақ тректі ауылдық елді-мекендерді, аудандар орталықтарын дамытудың кешенді жоспарын және селолық округтердің орталық қоныстарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      7) Бағалауға жататын жергілікті атқарушы органдардың қадағалайтын салаларындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізу;
      8) Бағалауға уәкілетті атқарушы органдар ұсынған қорытындылардың негізінде бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жалпы бағалау;
      9) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау, бағалау және олар бойынша қорытындылар дайындау;
      10) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстары бойынша бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын, жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен белгіленген саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігін анықтау бойынша қорытынды әзірлеу;
      11) Орта мерзімді кезеңге аудандық (қалалық) бюджеттер арасында жалпы сипаттағы трансферттердің болжам көлемдерін анықтау;
      12) Аудандық бюджет жобасын әзірлеу және оны мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      13) Жамбыл облысы Қордай ауданын дамыту бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;
      14) Жоғарғы органдарға мемлекеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын даму бюджеті және жергілікті бюджет қаражаттарының бағыттары туралы мәліметтер әзірлеу және ұсыну;
      15) Инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңде бюджеттік инвестициялық жобаларға мониториг жүргізу және оны вебпорталға енгізу;
      16) Акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) жергілікті атқарушы органдарға тиесілі ұлттық компанияның, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің даму стратегиялары мен жоспарларының орындалуының мониторингісі мен бағалауын жүргізу;
      17) Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарды экономикалық сараптамадан өткізуді жүзеге асыру;
      18) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің талаптарына сәйкес ішкі бақылау қызметінің жұмысын ұйымдастыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Құқықтары:
      1) Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқарарлық ақпарат құралдарына ақпараттық-талдау құжаттарын дайындауға және ұсынуға;
      2) Өз құзыры шегінде нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге;
      3) Өз құзыры шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;
      4) Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды мониторинг объектілерін және ақпаратқа жасалған талдауды тікелей тексеру, сараптаманы өткізу және кеңес берулері үшін тартуға;
      5) Бөлімінің қарауындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік басқару органы ретінде шығуға;
      6) Ғылыми тексеруді жүргізу үшін Бөлімге бөлінген қаржы шегінде басты ғылыми қаржылық-экономикалық жұмыстардың тізбесін анықтауға, Баөлімінің құзырына кіретін мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіп бойынша ғылыми-тексеру мекемелерін, сондай-ақ жеке мамандарды тартуға;
      7) Өз құзыры шегінде конкурстар өткізудің бірегей ұйымдастырушысы анықталған жағдайда жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерден ашық конкурстарды өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарға (тапсырысқа, сатып алу жоспарына және т.б.) ресми сұрау салуға;
      8) Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың мақсатқа лайықтылығы мен басымдық мәселесін анықтау мақсатында аймақтық экспресс-сараптаманы ұйымдастыруға құқылы.
      Міндеттері:
      1) Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігіне (Әкіміне) Жамбыл облысы Қордай ауданынын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ұсынысты енгізуге;
      2) Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына келісім беруге;
      3) Бөлім осы Ережеде бекітілген қызмет мақсатына және мәніне сәйкес келмейтін қызметпен өкілетті органның рұқсатымен ғана жүзеге асыра алады;
      4) Бөлімінің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе өкілетті органның талап етуі бойынша, заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімінің бірінші басшысын уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) барлық органдарда Бөлімінің мүддесін қорғайды;
      3) Бөлімінің мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      4) банкіде есепшоттар ашады, мәмілелер жасайды;
      5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      6) Бөлімінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      7) қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;
      8) Бөлімінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді.
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.
      Бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Бөлімінің мүлкі

      23. Бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
      24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады