Қасық ауылдық округінің Қасық ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Қасық ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 28 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 2437 болып тіркелді

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес және Қордай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 10 қазандағы № 02/246 ұсынысы негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсақ мүйізді малдарының бруцеллезден эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Қасық ауылдық округі Қасық ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы П. Жетыгеноваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкіміА. Әбдібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады