Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қазанда № 2347 болып тіркелді

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 бабтарына Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес және Мойынқұм аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 0674 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын енгізіле отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Талғат Маратұлы Алпановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекетік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі:А. Қанатов
      «Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылы аумағына шектеу іс-шараларын еңгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы» 2014 жылғы 15 кыркүйектегі №6 шешіміне келісім парағы.
      «КЕЛІСІЛДІ »
      «Жамбыл облысы ішкі істер
      Департаментінің Мойынқұм аудандық»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ Ж.Орынбеков.
      «____»______________ 2014 жыл
      «КЕЛІСІЛДІ »
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
       министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау
       комитетінің Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы»
       мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ Қ.Дуйсенов
      «____»______________ 2014 жыл
      «КЕЛІСІЛДІ »
      «Мойынқұм аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ А.Тоқбаев.
      «____»______________ 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады