Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 23-11 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 2190 болып тіркелді. Күші жойылғыан - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 19-24 шешімімен

      Күші жойылғыан - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 18.10.2017 № 19-24 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Т. Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;

      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Т. Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жантақбаев Бағдат Болатұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Ш. Мырзалиев Б. Шамаев

  Т. Рысқұлов ауданы мәслихатының
2014 жылдың 28 науырыздағы
№ 23-11 шешіміне 1 қосымша

Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу көздері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, текше метр

1

Тұрмысқа жайлы тұрғын үйлер:
Жайсыз тұрғын үйлер:
Орталық жылу жүйесі немесе газбен жылытылатын үйлер
Тас көмірмен жылытылатын үйлер

1 тұрғын

0,89
 
0,8
1,5

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар

1 орын

1,1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi

1 орын

1,5

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,36

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

1,46

6

Емханалар

1 адам

0,01

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,43

8

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

0,3

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 орын

0,02

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,19

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,43

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,43

14

Азық-түлiк дүкендерi

сауда алаңының 1 шаршы метрі

0,72

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 шаршы метрі

0,21

16

Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңының 1 шаршы метрі

0,63

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

сауда алаңының 1 шаршы метрі

0,72

18

Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,2

19

Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,2

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,3

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,27

22

Жағажайлар

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,23

23

Дәрiханалар

сауда алаңының 1 шаршы метрі

0,63

24

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, автокөлік жанармай станциясы, гараждар

1 машина-орын

1,49

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,9

26

Гараж кооперативтерi

1 гаражға

0,24

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

9,5

28

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,3

29

Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,3

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,2

31

Моншалар, сауналар

жалпы алаңның 1 шаршы метрі

0,35

32

Бау-бақша кооперативтерi

1 учаске

1,2

      Ескерту: жинақталу көздері болып табылатын өзге де нысандар көрсетілген нормаларға сәйкес жеке есептеледі.

  Т. Рысқұлов ауданы мәслихатының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 23-11 шешіміне 2 қосымша

Т. Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері

Атауы

теңге

1

Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жаратудың тарифі



Жеке тұлғалар үшін 1 текше метрге

1068,09


Бір адамнан бір айға

79,51


Заңды тұлғалар үшін 1 текше метрге

1536,13

2

Коммуналдық қалдықтардың көму және кәдеге жаратудың (полигонға орналастыру) тарифі



Жеке тұлғалар үшін 1 текше метрге

207,97


Заңды тұлғалар үшін 1 текше метрге

389,29


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады