"Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 2156 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 42-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 42-10 шешімімен (жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2102 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 8-9 аудандық "Сарысу" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 9 тармақтағы 1 абзацы алынып тасталсын;
      2) 9-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      9-1. Өтініш бойынша мерзімді (жартыжылдықта 1 рет) әлеуметтік көмек:
      -Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында күндізгі оқу нысанының төлемі үшін, сәйкес оқу орнындағы семестрдегі оқуының нақты көлемінде, жалпы білім беретін мектептер бітірушілеріне "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының негізінде көрсетіледі.
      Әлеуметтік көмек үшін жалпы білім беретін мектептердің мұқтаж бітірушілері ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін уәкілетті органға өтініш береді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      С. Бегеев Б. Дондаұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады