"Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 тамыздағы № 32-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 тамызда № 2297 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 42-10 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 42-10 шешімімен (жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2102 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 8-9 аудандық "Сарысу" газетіне жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      9-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "9-1. Өтініші бойынша мерзімді әлеуметтік көмек:
      Ауданға қажетті мамандықтар бойынша жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында күндізгі оқу нысаны төлемі үшін, сәйкес оқу орнындағы семестрдегі оқуының нақты көлемінде, жалпы білім беретін мектептер бітірушілеріне "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының негізінде және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы отбасы балаларына көрсетіледі.
      Әлеуметтік көмек үшін жалпы білім беретін мектептердің мұқтаж бітірушілері ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін уәкілетті органға өтініш береді.".
      10 тармағындағы "уәкілетті ұйымның" деген сөздерден кейін "не өзге де ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылысы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Н. Сұлтанбеков Б. Дондаұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады