"2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 156 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 тамызда № 2301 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2126 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурыздағы № 29-30 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстың:
      «Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері» бағанасындағы «35 000» деген сандар «50 000» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Аукенов Қайрат Қостанайұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2014 жылдың 1 шілдесінен туындайтын қатынастарға таралады.
      
      Аудан әкімі                                Қ. Мәдібек

      Сарысу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 156 «2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысының Ішкі істер
Департаменті Сарысу ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Б.Нүркенов
8 шілде 2014 жыл
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің Жамбыл облысы Жаңатас
қаласының Қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Бахтияров
8 шілде 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады