Талас ауданы Қаратау ауылдық округіндегі Есейхан ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің Қаратау ауылдық округінің 2014 жылғы 4 кыркүйекте № 13 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 қазанда № 2329 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес және Талас аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2014 жылғы 14 мамырдағы № 111 ұсынысы негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Талас ауданы Қаратау ауылдық округіндегі Есейхан ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері Әміржан Ибрагимұлы Сейтбекке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
 
      Ауылдық округінің әкімі                    Б. Кенжеев

      Қаратау ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № 13 «Талас ауданы Қаратау ауылдық округіндегі Есейхан ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» шешіміне келісу парағы.

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Талас аудандық
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысы
А.Айхимбеков
04 қыркүйек 2014 ж.

Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Талас аудандық
аумақтық инспекциясының басшысы
Р.Ағыбаев
04 қыркүйек 2014 ж.

«Талас ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысы
Г.Маханова
04 қыркүйек 2014 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады