Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда № 2723 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Н. Әбдібеков


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 40/01 қаулысымен
бекітілді

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотикалық ауруларының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 28.01.2020 № 04/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Аурудың атауы

Жануарлардың бірнеше түріне ортақ

трипаносомоздар

Ірі қара мал

тейлериоз

Жылқылар

сақау
биелердің сальмонеллезді іш тастауы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады