Қарағанды облысының Қарғалы өзенінде және Тоқсымақ көлінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 2875 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 04.10.2024 № 60/03 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 09.04.2019 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

      1. Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулері бекітілген жобаларға сәйкес белгіленсін:

      1) "Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы Қарғалы өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін белгілеу";

      2) "Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы Тоқсымақ көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін белгілеу".

      2. Осы қауылының 1 тармағында көрсетілген су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылыққа пайдалану тәртібі және ерекше жағдайлары белгіленсін.

      3. "Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалы (келісім бойынша) Қарағанды облысының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасының кескіндемелік бөліміне су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын енгізсін.

      4. "Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық жер балансын жасаған кезде тиiстi өзгерістер енгізсін.

      5. Осакаров ауданының әкімі:

      1) заңнама талаптарына сәйкес су қорғау белдеулеріндегі жерді жобалық құжаттамаға сәйкес су қорының жеріне ауыстыру бойынша қажетті шараларды осы қаулы бекітілгеннен кейін бір жыл ішінде қабылдасын;

      2) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекарасын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер пайдаланушыға жеткізсін;

      3) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайын сақтасын;

      4) тиісті пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайын сақтау жағдайына орай су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылмауының алдын ала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын;

      5) аталмыш су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан нысандарды пайдалануды шаруашылыққа пайдалану тәртібіне және ерекше жағдайларына сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жүргізсін.

      6. Мемлекеттік уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өзінің құзыреттілігі шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының сақталуын, оларға белгіленген шаруашылық қызметінің тәртібін және ерекше қорғалатын су нысандарын бақылауды жүзеге асырсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      8. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енеді.


Қарағанды облысының әкімі

Н. Әбдібеков


      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау комитетінің қарағанды

      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      департаменті" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________Б.А. Асаинов

      М.О.

      "____" ___________ 2014 жыл

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      су ресурстары комитетінің

      су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Есіл

      бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мемесінің

      басшысы

      __________________ Э.А. Мейрамов

      "____" ___________2014 жыл.

      "Жер кадастрының

      ғылыми-өндірістік орталығы"

      республикалық мемлекеттік

      кәсіпорнының Қарағанды филиалы

      директоры

      __________________ М.Ж.Тусупов

      "____" ___________2014 жыл.


  Қарағанды облысы әкімдігінің
  2014 жылғы 11 қарашадағы
  № 61/04 қаулысымен бекітілген

Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылыққа пайдалану тәртібі және ерекше жағдайлары

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1 бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 09.04.2019 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады