V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы XХХ сессиясының № 265 "Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы V шақырылған XLI сессиясының № 375 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 2897 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 210 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 210 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы XXX сессиясының № 265 "Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2528 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы № 015 (1249) "Взгляд на события" газетінде, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентінде:

      мемлекеттік тілдегі 5 тармақта сөйлемнің соңында "." тыныс белгісі қойылсын;

      11 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Сессияның күн тәртібін мәслихат жұмысының келешекті жұмыс жоспарының, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялар, депутаттар және Қарағанды қаласының әкімі ұсынған мәселелердің негізінде сессияның төрағасы қалыптастырады.

      Сессияның күн тәртібін талқылау барысында ол толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат шешім қабылдайды.

      Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе бойынша жеке өткізіледі. Егер мәселеге мәслихат депутаттарының көпшілігі дауыс берсе, ол күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.";

      21 тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Тартылған тұлғалар қол қойылған және мөрмен (болған жайғдайда) куәландырылған жазбаша қорытындыларын ұсынады.";

      мемлекеттік тілдегі 22 тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "22. Мәселені немесе шешім жобасын алдын-ала қарау тапсырылған мәслихат немесе тұрақты комиссиялар, сондай-ақ ол құратын уақытша комиссиялар шешім жобаларын ғылыми сараптамаға жіберуі, осы жобалар бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың пікірлерін сұрау, дайындалатын мәселелерді халықпен, қоғамдық бірлестіктермен алдын-ала талқылауы мүмкін.";

      39 тармақ алынып тасталсын;

      мемлекеттік тілдегі 51 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) мәслихат аппаратының қызметін басқарады, оның қызметкерлерін жұмысқа алып, жұмыстан босатады;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау адам құқығы, заңдылық, этика, марапаттар, регламент, атау және қайта атау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Қадырбек Сағашұлы Әбдіров) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы,


Қалалық мәслихат


хатшысының міндетін атқарушы

Ж. Мұхтаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады