Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 265 "Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2528 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 6 ақпанында, 2014 жылғы 6 ақпандағы № 015 (1249) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы №375 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы XХХ сессиясының № 265 "Қарағанды қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2897 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 8 қаңтарында, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Досжанов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Бексұлтанов |