Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/18 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 22.12.2023 № 10/84 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/18 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/18 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/18 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сессия төрағасы | Қ. Касимова |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Рахимберлина |
Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 шешіміне қосымша |
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері
Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/18 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүргізеді.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын "Қарағанды облысы білім басқармасының "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ-нің анықтамасында көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.
Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап тоқсан сайын тағайындалады және жергілікті бюджеттен қаржыландыру түсуіне қарай, ай сайын шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 15-күніне қарай төленеді.
7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.