Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Балқаш қалалық мәслихатының "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2666 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Муслымов |