Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатты - (Балқаш қаласының әкімінің 27.11.2015 № 4-16/1722 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.
2015 жылдың қаңтар-наурыз аралығында, тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын.
2.
Гүлшат және Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының басшылары, пәтерлер меншік иелері кооперативтері "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес 1998 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін беру ұсынылсын.
3.
Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақыру жасына дейінгілердің медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
4.
"Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (Б.А. Алишев) 2015 жылдың 15 сәуіріне дейін қала әкіміне 1998 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қортындысы жөнінде ақпарат берсін.
5.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі орынбасары Саягуль Жаксылыковна Жаксылыковаға жүктелсін.
6.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі |
А. Райымбеков |
КЕЛІСІЛДІ
"Қарағанды облысы Балқаш |
24 желтоқсан 2014 жыл
_________________ Б.А. Алишев |