"Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қаңтарда № 2493 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі орынбасарының міндетті атқарушы Е.Б. Уахитовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А. Аглиулин

Шахтинск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1/1 қаулысымен
бекітілген

"Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Шахтинск қаласы аумағында сәулет, қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекемеге заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7.Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесi, 101.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Шахтинска".
      10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы:
      Өзіне қарасты аумақта сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу. Қала аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу, қала құрылысы бағдарламалары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру процесінде оның сәулеттік бейнесін жақсарту, сонымен бірге қолданыстағы қала құрылыстық жобаларды түзетуге және жаңасын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Міндеттері:
      1) Шахтинск аймағы аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
      2) сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде жағымды өмір сүру мен тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету, Шахтинск аймағының тұрақты дамуы.
      15. Функциялары:
      1) Шахтинск аймағы аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік басқару;
      2) қала және қала маңындағы аймақты қала құрылыстық игеру кезінде сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнама, мемлекеттік нормативтер және заңнамамен орнатылған тәртіпте бекітілген сәулет және қала құрылыстық жобалық құжаттама нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      3) сәулет және қала құрылысы жобаларының бекітілген құжаттамаға сәйкес іске асырылуын, тәртіптің және құрылыс салудың қала ережелерінің сақталуын қадағалау;
      4) жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясымен, лицензиялау органдарымен қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша қарым қатынас жасау;
      5) тиісті деңгейдегі мемлекеттік қала құрылыстық кадастрын жүргізу;
      6) өзінің құзырлығы шегінде ведомстволық актілерді жасау және бекіту;
      7) орнатылған тәртіпте меншіктің нысанына қарамастан мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты алу;
      8) аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы және алдағы міндеттерді шешуге, оның сәулеттік көрінісін жақсартуға бағытталған қала құрылыстық бағдарламаларды жүзеге асыру;
      9) сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру барысындағы жылжымайтын мүліктің функционалдық мақсатын өзгерту жөніндегі рұқсат беру құжаттарын дайындау;
      10) жарнама объектілерін орналастыруға бақылау жүргізу;
      11) аймақтың инфрақұрылым объектілерін дамыту;
      12) атқарушы органдарының шешімі бойынша жергілікті маңызы бар объектілерді жобалау және салу бойынша конкурстардың ұйымдастырушысы болып табылады;
      13) пайдалануға берілетін, жергілікті маңызы бар объектілерді (кешендерді) заңнамамен орнатылған тәртіпте қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
      14) Шахтинск қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;
      15) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына өз құзырлығы шегінде бақылау жүргізу;
      16) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен анықталған өзге де өкілдіктерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
      2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және меншіктің барлық нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      3) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;
      4) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасының қолданымдағы басқа да заңнамаларымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын Шахтинск қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеме жұмысының жалпы басқаруын жүзеге асырады;
      2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрылымын және олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
      3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
      4) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді, мемлекеттік қызмет заңнамасының орындалуын бақылайды;
      5) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      7) шарттар жасайды;
      8) сенімхаттар береді;
      9) қызметкерлердің іс сапарлары, сынақ істері, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында оқуы және олардың біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері бойынша мемлекеттік мекеме жоспарларын және тәртібін бекітеді;
      10) банктік шоттар ашады;
      11) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      12) уәкілетті органмен тағайындалатын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлерін ынталандыру шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;
      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауға дербес жауап береді;
      16) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады