Шахтинск қаласында 2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 35/7 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 2883 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi белгіленсін.
      2. п«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Е.С. Галиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі

А. Аглиулин


Шахтинск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 35/7 қаулысына
қосымша

Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi
 

Санаттың атауы

1.

Елу жастан асқан тұлғалар

2.

Көп уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жыл және одан көп)

3.

Бастауыш, орташа кәсіби білім берудің түлектері
(оқу орнын бітіру күнінен 12 ай ішінде)

4.

Алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, өтілі жоқ жұмыспен қамтылмаған жастар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады