Сәрепті селосы Қойбас елді мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 2589 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 08 қарашадағы № 45/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 08.11.2017 № 45/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара және ұсақ малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Сәрепті селосы Қойбас елді мекені аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын Абай ауданы әкімінің орынбасары М.А. Бимағанбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Абай ауданының әкімі

А. Елжасов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады