Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1904 тіркелген), Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінде, толық емес жұмыс күні жағдайлардағы немесе икемді кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбекақысын төлеу жергілікті бюджеттің қаражатынан жүргізілсін.
4. Жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Абай ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі үлгі шарттарын жасасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |
Абай ауданы әкімдігінің |
2015 жылға Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі
Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер | Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам | 1 адамның жұмысының ұзақтығы, ай. | Айына қызметкерлер саны, адам | Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
"Абай-Көркем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 1,5 | 25 | Жол жиектемелерінің айналасындағы қарды және қоқысты тазалау, ауданы 192340 шаршы метр көшелер мен кварталдар бойынша қоқыстарды жинау, жасыл жолақтарды тазалау, жол жиектемелері мен ағаштарды ақтау, қарағайларды күту, гүлдерді суару, шөптер мен бұталарды кесу |
Абай ауданы бойынша салық басқармасы | 24 | 1,5 | 3 | Мүлік, жер және көлік салығын жинауға көмек көрсету – 3400 түбіртек; өткен жылдарға берешек бойынша хабарламаларды дайындап тарату |
Абай аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі | 16 | 1,5 | 2 | Әскерге шақырылатындардың жеке істерін ресімдеуге көмек көрсету – 2500 іс, шақыру қағаздарын тарату – 1200 дана |
Абай ауданының прокуратурасы | 16 | 1,5 | 2 | Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмек көрсету – 600 бет, факс жіберу– 240 бет, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 бет, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат |
Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі | 12 | 1 | 1 | 135 дүкен мен екі базарда бағалардың мониторингін жүргізу |
Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты | 6 | 1 | 1 | 20000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Есенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты | 6 | 1 | 1 | 85000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Қарабас кенті әкімінің аппараты | 12 | 1 | 1 | 150000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Құрма ауылдық округі әкімінің аппараты | 24 | 1 | 2 | Ұзақтығы 13 километр су құбырының, ұзақтығы 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек көрсету |
Топар кенті әкімінің аппараты | 36 | 1 | 3 | Жол жиектемелерінің айналасындағы қарды және қоқысты тазалау, ауданы 150000 шаршы метр көшелер мен кварталдар бойынша қоқыстарды жинау |
Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты | 6 | 1 | 1 | 250000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Құлайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты | 6 | 1 | 1 | 260000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Самарқа ауылдық округі әкімінің аппараты | 6 | 1 | 1 | 1000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Южный кенті әкімінің аппараты | 24 | 1 | 2 | 130000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты | 6 | 1 | 1 | 30000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Қарағанды ауылдық округі әкімінің аппараты | 4 | 1,5 | 1 | 2500 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Сарепта ауылы әкімінің аппараты | 4 | 1,5 | 1 | 10000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
Юбилейное ауылы әкімінің аппараты | 4 | 1,5 | 1 | 90000 шаршы метр округ аумағын санитарлық тазалау |
"Қазпошта" акционерлік қоғамы Қарағанды облыстық филиалының Абай аудандық пошта байланысы торабы | 64 | 1,5 | 8 | Абай ауданының елді мекендеріне 5000 дана хат-хабар жеткізуге көмек көрсету |
Абай ауданының әділет басқармасы | 24 | 1 | 2 | Құжаттаудағы көмек – 2500 іс, мұрағаттық жұмыс 891142 іс |
Барлығы | 500 |