Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 22.10.2014 N 242 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 22.10.2014 N 242 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. 2014 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 22.10.2014 N 242 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімді іске асыру бойынша "Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шаралар қабылдасын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Шуланова |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Оңғарқұлов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ақтоғай ауданының экономика | |
және қаржы бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысының | |
міндетін атқарушы | П. Темирбек |
11 сәуір 2014 жыл