Жаңаарқа аудандық мәслихатының XXV сессиясының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25/158 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 маусымдағы XХX сессиясының № 31/202 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 шілдедегі № 2671 болып тіркелді. Қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының XХV сессиясының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25/158 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2499 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтардағы № 2-3 (9596-9597) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 6 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6. 2014 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".

      2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс


XXXI сессиясының төрағасы

Б. Бекежанова

Аудандық мәслихат хатшысы

М. Абдишев

КЕЛІСІЛДІ:


"Жаңаарқа ауданының экономика


және қаржы бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің басшысы

З. Сердалинов


      10 маусым 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады