Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25 сессиясының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25/159 "2014 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі XXXIV сессиясының № 34/226 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қазанда № 2783 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 37/245 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 37/245 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25 сессиясының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25/159 "2014 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2522 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 5 (9599) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағыкіріспедегі және 1-тармағындағы "ветеринария" сөзі "агроөнеркәсіптік кешен" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      XXXIV сессиясының төрағасы                 Ж. Абюров

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Абдишев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының экономика және
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы                          А. Жылқыбаев
      10 қыркүйек 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады