Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қарашада № 2826 болып тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатты - (Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының басшысының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 03-08/1231 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатты - (Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының басшысының 08.12.2015 № 03-08/1231 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алу, олардың санын, жалпы білім деңгейі мен мамандығының дәрежелерін белгілеу, шақырылушылардың дене шынықтыру дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1998 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейін ұйымдастырылсын.
      2. Жаңаарқа ауданының ауылдық округтар және кент әкімдері жасөспірімдердің Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырған түрде және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Жаңаарқа ауданы әкімінің 2013 жылғы 4 қарашадағы «Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы» № 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2443 болып тіркелген, «Жаңаарқа» газетінің 2013 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 (9593) санында жарияланған) күші жойылған болып танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Жұмасейітұлы Жұмасейітовке жүктелсін.
      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жаңаарқа ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы

Д. Жұмасейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады