Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 23.10.2023 № VIII-11/79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының XXIX сессиясының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 29/243 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2654 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымдағы № 45-46 (11272) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі 1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Возместить затраты на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в размере двухмесячного расчетного показателя ежемесячно на каждого ребенка с ограниченными возможностями из числа инвалидов.";
орыс тіліндегі 2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2) возмещение затрат предоставляется с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении "Управление образования Карагандинской области";";
мемлекеттік тілдегі шешімнің соңғы парағының астыңғы сол жақ бұрышындағы "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Жұманбаев" деген сөздер "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Жұманбаев" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | С. Нүркенов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қарқаралы ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы | Б. Жұманбаев |
21 қараша 2014 жыл | |
"Қарқаралы ауданының экономика | |
және қаржы бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Б. Берниязов |
21 қараша 2014 жыл